О внесении изменений в решение районного маслихата от 11 апреля 2014 года № 27/5 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 11 апреля 2014 года № 27/5 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
- Атауы (қаз.)
- "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 11 сәуірдегі №27/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 40/3
- Қабылданған күні
- 04.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 07.08.2018 90171_347442.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.08.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15LI004999
- ЭКБ идентификаторы
- 90171
- Редакция идентификаторы
- 90171_347442
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:10
0 «Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 11 сәуірдегі №27/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 11 сәуірдегі №27/5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4663 нөмірімен тіркелген, аудандық «Өскен өңір» газетінің 2014 жылғы 17 мамырдағы №34 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:
бүкіл мәтіні бойы «тұрғын жай» деген сөздер «тұрғынжай» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;».
2-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады».