О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 11 февраля 2014 года № 34/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление внутренней политики Павлодарской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 11 февраля 2014 года № 34/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление внутренней политики Павлодарской области»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы «Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 34/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 102/4
- Қабылданған күні
- 14.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 21.02.2018 88867_297343.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15P0004433
- ЭКБ идентификаторы
- 88867
- Редакция идентификаторы
- 88867_297343
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:30
0 Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 11 ақпандағы «Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 34/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы «Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 34/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3728 болып тіркелді, 2014 жылғы 20 наурызда «Сарыарқа самалы» газетінде, 2014 жылғы 20 наурызда «Звезда Прииртышья» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
21-тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«5) баспа және ақпарат саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамаға сәйкес құрастыру;»;
«Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
1) тармақша алынып тасталсын;
2 2. «Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.