О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 11 ноября 2014 года № 489 «Об утверждении Положения о Комитете государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 11 ноября 2014 года № 489 «Об утверждении Положения о Комитете государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 489 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 699
- Қабылданған күні
- 10.07.2019
- Көрсетілген редакция
- 10.07.2019 133137_414090.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.07.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G19E0000699
- ЭКБ идентификаторы
- 133137
- Редакция идентификаторы
- 133137_414090
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:12
0 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 489 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 489 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9877 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 8 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы 59-1), 59-2), 59-3), 59-4) және 59-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«59-1) мемлекеттік материалдық резервті және жедел басқарудағы мүлікті, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін жүктелген функцияларды орындауы үшін қажетті мүлікпен қамтамасыз ету;
59-2) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган аумақтық бөлімшелерінің активтерін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға сенімгерлік басқаруға беру бойынша шешім қабылдау;
59-3) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган аумақтық бөлімшелерінің мүлкін басқару және күтіп ұстау үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды қаржыландыруды жүзеге асыру;
59-4) мемлекеттік материалдық резервті және жедел басқарудағы мүлікті, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін жүктелген функцияларды орындауы үшін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қамтамасыз ететін қажетті мүліктің тізбесін әзірлеу;
59-5) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға сенімгерлік басқаруға берілетін активтерінің тізбесін әзірлеу;»;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Б.К. Тәшенов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;