О внесении изменений в решение Буландынского районного маслихата от 11 апреля 2014 года № 5С-26/2 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Буландынского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Буландынского районного маслихата от 11 апреля 2014 года № 5С-26/2 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Буландынского района»
- Атауы (қаз.)
- Бұланды аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 5С-26/2 «Бұланды ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6С-5/6
- Қабылданған күні
- 11.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2016 106239_143869.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16BG005528
- ЭКБ идентификаторы
- 106239
- Редакция идентификаторы
- 106239_143869
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:06
0 Бұланды аудандық мәслихатының
2014 жылғы 11 сәуірдегі № 5С-26/2
«Бұланды ауданының бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізудің
қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Бұланды аудандық мәслихатының «Бұланды ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 5С-26/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4179 болып тіркелген, аудандық «Бұланды таңы» және «Вести Буланды жаршысы» газеттерінде 2014 жылғы 23 мамырда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Бұланды ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларындағы бүкіл мәтінінде:
мемлекеттік тілде «селолық» деген сөз;
орыс тілінде «аульных» және «аульного» деген сөздер алынып тасталсын.
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Бұланды ауданының әкімі
Қ. Испергенов
11 тамыз 2016 жыл