Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Мангистауского районного маслихата от 11 марта 2014 года №15/127 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мангистауском районе»

Ереже · № 2/15 · қабылданған 28.04.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2014-no15127-ekb-102736/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Мангистауского районного маслихата от 11 марта 2014 года №15/127 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мангистауском районе» Күшін жойған Ереже ·№ 2/15 ·28.04.2016
21.10.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Мангистауского районного маслихата от 11 марта 2014 года №15/127 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мангистауском районе»

Күшін жойған Ереже ·№ 2/15 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Мангистауского районного маслихата от 11 марта 2014 года №15/127 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мангистауском районе»
Атауы (қаз.)
Манғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы №15/127 «Манғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2/15
Қабылданған күні
28.04.2016
Көрсетілген редакция
21.10.2016 102736_121267.kaz
Соңғы өзгеріс
21.10.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16ME003048
ЭКБ идентификаторы
102736
Редакция идентификаторы
102736_121267
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:23

0 Манғыстау аудандық мәслихатының

2014 жылғы 11 наурыздағы №15/127
«Манғыстау ауданында әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидасын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына сәйкес, сонымен қатар Маңғыстау облысының Әділет департаментінің 2016 жылғы 11 ақпандағы №10-11-489 ақпараттық хатының және Манғыстау ауданы прокурорының 2016 жылғы 14 сәуірдегі №2-1105-16-00620 наразылығының негізінде, Манғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Манғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы №15/127 «Манғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2367 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 наурызда №11 «Жаңа өмір» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
Манғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:
1 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Манғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы (бұдан әрі-Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», 1999 жылғы 5 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы», 1997 жылғы 16 маусымдағы «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы», 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11342 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы №367 «Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11512 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді.».

2 2. Манғыстау аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау аудандық мәслихатының әлеуметтік және заңдылық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы С.Қапашұлы).

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Манғыстау аудандық жұмыспен қамту
Және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
Мемлекеттік мекемесінің басшысы
Каимова Сәнімгүл Нақыпқызы
"28" сәуір 2016 жыл
«Маңғыстау аудандық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Шабикова Рима Нерражимқызы
"28" сәуір 2016 жыл

Қолданыстағы