Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в решение Мангистауского районного маслихата от 11 марта 2014 года №15/128 «Об утверждении размеров социальной помощи и перечня категорий нуждающихся граждан в Мангистауском районе»

Өзге акт · № 25/209 · қабылданған 30.06.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2014-no15128/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении дополнений в решение Мангистауского районного маслихата от 11 марта 2014 года №15/128 «Об утверждении размеров социальной помощи и перечня категорий нуждающихся граждан в Мангистауском районе» Күшін жойған Өзге акт ·№ 25/209 ·30.06.2015
21.10.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в решение Мангистауского районного маслихата от 11 марта 2014 года №15/128 «Об утверждении размеров социальной помощи и перечня категорий нуждающихся граждан в Мангистауском районе»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 25/209 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в решение Мангистауского районного маслихата от 11 марта 2014 года №15/128 «Об утверждении размеров социальной помощи и перечня категорий нуждающихся граждан в Мангистауском районе»
Атауы (қаз.)
Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы №15/128 «Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
25/209
Қабылданған күні
30.06.2015
Көрсетілген редакция
21.10.2016 92144_291185.kaz
Соңғы өзгеріс
21.10.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15ME002758
ЭКБ идентификаторы
92144
Редакция идентификаторы
92144_291185
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:18

0 Маңғыстау аудандық мәслихатының

2014 жылғы 11 наурыздағы №15/128
«Маңғыстау ауданында әлеуметтік
көмек мөлшерлерін және мұқтаж
азаматтар санаттарының тізбесін
бекіту туралы» шешіміне толықтырулар
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2014 жылғы 16 қазандағы №1105 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11

наурыздағы №15/128 «Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2368 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 наурыздағы №11 «Жаңа өмір» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей толықтырулар енгізілсін:
№1 қосымшада:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5 жолмен толықтырылсын:
«
5
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
дің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының табысы аз жұмыссыз және өз бетінше жұмыспен айналысатын жеке тұлғалар
Жүгінген айдың алдындағы 3 айда отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен болуы және отбасының(адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы
Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады
Өті ніш бер ген күн нен бас тап
Үміт кер дің өтініші бойынша ай сайын неме се үш ай үшін бір мезгілде төле неді
».
№2 қосымшада:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-1 жолмен толықтырылсын:
«
4-1
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағындағы қазақстандық жауынгерлердің ұрыс және жерленген жерлерге, батыр қалаларға және әскери Даңқ қалаларына бару үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлердің отбасы мүшелеріне
Сапар аяқталғаннан кейін жол жүру билеттерін, тамақтанғандығын және тұрғандығын растайтын құжаттарды ұсынуымен, бірақ 150 000 теңгеден артық емес (өтініш бойынша)
Біржол
ғы
».

2 2. Маңғыстау аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау аудандық

мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттігі және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрайымы Қ.Бөбетай) жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ:»
«Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Каимова Сәнімгүл Нақыпқызы
________________
«__»_____2015ж
«Маңғыстау аудандық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Шабикова Рима Нерражимқызы
___________________
«__»_______2015ж

Қолданыстағы