О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 11 февраля 2015 года № 107 «Об утверждении Правил тушения степных пожаров, а также пожаров в населенных пунктах, в которых отсутствуют подразделения государственной противопожарной службы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 11 февраля 2015 года № 107 «Об утверждении Правил тушения степных пожаров, а также пожаров в населенных пунктах, в которых отсутствуют подразделения государственной противопожарной службы»
- Атауы (қаз.)
- Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 375
- Қабылданған күні
- 28.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 14.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2025 213729_781454.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036732
- ЭКБ идентификаторы
- 213729
- Редакция идентификаторы
- 213729_781454
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:33
0 Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері
жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 107 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10433 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 12-бабының 1-тармағының 64) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өрттерді байқаған кезде жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік өртке қарсы қызметке хабарлайды және өрттерді сөндіруге өртке қарсы ерікті құралымдардың, сондай-ақ «Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызметі бөлімшелері жоқ елді мекендерге өрт сөндіру пункттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 746 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9928 болып тіркелген) сәйкес құрылған өрт сөндіру пункттерінің күштері мен құралдарын тартуды ұйымдастырады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Өрт сөндіру басшысы:
1) өрт сөндіруге қатысатын тартылған өрт сөндіру күштері мен құралдарына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) қойылған міндеттердің орындалуына және өртті сөндіру бойынша жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етуге жауап береді;
3) өрт түрін, оның қарқындылығы мен көлемін, жер бедерін, ағымдағы және болжамды ауа-райы жағдайының ерекшеліктерін, өрт сөндіру күштері мен құралдарының бар-жоғын ескере отырып, өрт сөндірудің тактикалық тәсілдерін, әдістері мен амалдарын таңдауды жүзеге асырады;
4) өрт сөндіру бойынша іс-қимылдар жүзеге асырылатын аумақтың шекарасын, көрсетілген іс-қимыл тәртібін белгілейді;
5) қосымша күштер мен құралдарды шақырудың қажеттілігін анықтайды;
6) өрт жағдайының өзгеруін үздіксіз бақылайды және тиісті шешім қабылдайды.
7) өрт сөндіру үшін, көлік құралдары мен басқа да материалдық-техникалық құралдарды қоса алғанда, кәсіби, салалық өртке қарсы қызметтердің және өртке қарсы ерікті құралымдардың күштері мен құралдарын тартады;
8) өрттерді сөндіру жұмыстарын жүргізу кезеңінде цехтар мен объектілердің жұмысын тоқтата тұруға, адамдарды, материалдық құндылықтарды қауіпті аймақтан эвакуациялауға өкім береді.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Өрт сөндіру кезінде жергілікті атқарушы органдар тартылатын күштер мен құралдарды меншік нысанына қарамастан жанар-жағармай материалдарымен және тамақпен қамтамасыз етеді.».