Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 марта 2015 года № 123 «Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2015 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на здравоохранение»

Қаулы · № 409 · қабылданған 05.06.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2015-no-123-2015-ekb-90225/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 марта 2015 года № 123 «Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2015 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на здравоохранение» Қолданыста Қаулы ·№ 409 ·05.06.2015
05.06.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 марта 2015 года № 123 «Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2015 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на здравоохранение»

Қолданыста Қаулы ·№ 409 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 марта 2015 года № 123 «Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2015 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на здравоохранение»
Атауы (қаз.)
«Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
409
Қабылданған күні
05.06.2015
Көрсетілген редакция
05.06.2015 90225_63155.kaz
Соңғы өзгеріс
05.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500000409
ЭКБ идентификаторы
90225
Редакция идентификаторы
90225_63155
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:44

0

«Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 123 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларында:
3-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) скринингтік зерттеулер жүргізуге:
әйелдер арасында жатыр мойны обырын анықтауға;
ересек тұрғындар арасында колоректалдық обырды екі кезеңдік әдіспен анықтауға;
Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Астана және Алматы қалаларының ер адамдары арасында қуықасты безі обырын анықтауға;
Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Астана және Алматы қалаларының тұрғындары арасында өңеш обырын, асқазан және бауыр обырын анықтауға;
сүт безі обыры бойынша скринингтің екінші кезеңін жүргізуге;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Қағидалардың 5-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген амбулаториялық-емханалық ұйымдарда онкологиялық, маммологиялық кабинеттер, консультациялық-диагностикалық емханаларда (орталықтарда), көпбейінді ауруханалардың бөлімшелерінде проктологиялық кабинет ашуға және олардың жұмыс істеуіне арналған шығыстарды қоспағанда, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары уәкілетті орган бекітетін ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларына сәйкес ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтер берушіні таңдау рәсімін жүзеге асырады.»;
4-тарау алып тасталсын.

2 2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы