Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 11 августа 2015 года № 205 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере технического и профессионального образования»

Қаулы · № 8 · қабылданған 23.01.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2015-no-205/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 11 августа 2015 года № 205 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере технического и профессионального образования» Күшін жойған Қаулы ·№ 8 ·23.01.2019
10.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 11 августа 2015 года № 205 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере технического и профессионального образования»

Күшін жойған Қаулы ·№ 8 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 11 августа 2015 года № 205 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере технического и профессионального образования»
Атауы (қаз.)
«Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 205 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8
Қабылданған күні
23.01.2019
Көрсетілген редакция
10.03.2020 128858_448511.kaz
Соңғы өзгеріс
10.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19V0005729
ЭКБ идентификаторы
128858
Редакция идентификаторы
128858_448511
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:18

0 «Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы»

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы
№ 205 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына, «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы
14 сәуірдегі № 200 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
18 мамырдағы № 212 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 17055) сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 205 қаулысына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4139,

2015 жылғы 8 қазанда «Дидар», 2015 жылғы 7 қазанда «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің:
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

1 «1. «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады»;

9-тармағындағы 4-абзац мынадай редакцияда жазылсын:
Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорация Стандарттың 10 тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

2 2. Облыстың білім басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Шығыс Қазақстан облысы аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы