Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 11 сентября 2015 года № 230 «Об утверждении регламента государственной услуги «Принятие Республикой Казахстан прав на имущество негосударственных юридических лиц и физических лиц по договору дарения в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан»

Қаулы · № 3 · қабылданған 10.01.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2015-no-230/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 11 сентября 2015 года № 230 «Об утверждении регламента государственной услуги «Принятие Республикой Казахстан прав на имущество негосударственных юридических лиц и физических лиц по договору дарения в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан» Күшін жойған Қаулы ·№ 3 ·10.01.2017
13.03.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 11 сентября 2015 года № 230 «Об утверждении регламента государственной услуги «Принятие Республикой Казахстан прав на имущество негосударственных юридических лиц и физических лиц по договору дарения в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан»

Күшін жойған Қаулы ·№ 3 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 11 сентября 2015 года № 230 «Об утверждении регламента государственной услуги «Принятие Республикой Казахстан прав на имущество негосударственных юридических лиц и физических лиц по договору дарения в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiн бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 230 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3
Қабылданған күні
10.01.2017
Көрсетілген редакция
13.03.2018 109568_304486.kaz
Соңғы өзгеріс
13.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17V0004867
ЭКБ идентификаторы
109568
Редакция идентификаторы
109568_304486
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:27

0 «Қазақстан Республикасының Үкіметі

айқындайтын тәртіппен сыйға тарту
шарты бойынша мемлекеттік емес заңды
тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік
құқықтарын Қазақстан Республикасының
қабылдауы» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
регламентiн бекіту туралы»
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 230 қаулысына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 484 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14326 болып тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйғатарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 230 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4176 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 21 тамыздағы № 98 «Рудный Алтай»,2015 жылғы 22 тамыздағы № 95 «Дидар» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
«1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.»;
аталған каулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
«Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті берушісі жергілікті атқарушы орган – коммуналдық мүлікті есепке алу саласында функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше («Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесі) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11154 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт), «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес, сыйға тарту шарты және мүліктің қабылдау – беру актісі (табыстау актісі).»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме мыналар:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.»;
регламент қосымшасының жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы