Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление акимата Толебийского района от 11 июня 2015 года № 266 «Об утверждении Регламента акимата Толебийского района»

Қаулы · № 32 · қабылданған 02.02.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2015-no-266/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление акимата Толебийского района от 11 июня 2015 года № 266 «Об утверждении Регламента акимата Толебийского района» Күшін жойған Қаулы ·№ 32 ·02.02.2016
02.06.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление акимата Толебийского района от 11 июня 2015 года № 266 «Об утверждении Регламента акимата Толебийского района»

Күшін жойған Қаулы ·№ 32 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление акимата Толебийского района от 11 июня 2015 года № 266 «Об утверждении Регламента акимата Толебийского района»
Атауы (қаз.)
«Төлеби ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» Төлеби ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 266 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
32
Қабылданған күні
02.02.2016
Көрсетілген редакция
02.06.2016 99885_89875.kaz
Соңғы өзгеріс
02.06.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16UM003614
ЭКБ идентификаторы
99885
Редакция идентификаторы
99885_89875
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:40

0 «Төлеби ауданы әкімдігінің

Регламентін бекіту туралы» Төлеби
ауданы әкімдігінің 2015 жылғы
11 маусымдағы №266 қаулысына
толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы №964 қаулысына сәйкес Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Төлеби ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 маусымдағы №266 «Төлеби ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3243 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 15 тамыздағы «Ленгер жаршысы» газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасына сәйкес бекітілген Төлеби ауданы әкімдігінің Регламентінде:
мынадай мазмұндағы 4-1-бөліммен толықтырылсын:
«4-1. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу
33-1. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі аппаратпен, аудандық жергілікті атқарушы органдармен, қала, ауылдық округ әкімдерімен өздері қабылдаған және (немесе) өздері әзірлеушілері болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ өздерінің құзыретіне жататын актілерге қатысты жүргізіледі.
33-2. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының тиімділігін бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму серпінін және қолданылу практикасын болжау бойынша тұрақты негізде жүргізіледі.
33-3. Атқарушы орган өзі әзірлеушілері болып табылатын нормативтік құқықтық актілерде сәйкес емес, қарама-қайшы немесе ескірген нормаларды анықтаған жағдайда аппаратқа тиісті ұсыныстар жібереді.
33-4. Жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілер қабылданған жағдайда, атқарушы орган аппараттың тиісті бөлімдерімен бірлесіп үш жұмыс күні ішінде жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілердің реттеу мәнімен байланысты заңға тәуелді актілерді талдайды.
33-5. Заңға тәуелді актілердің жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілер күшіне енген күнінен бастап бір ай ішінде атқарушы орган аппараттың тиісті бөлімдерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен өзгерістер мен (немесе) толықтырулар не олардың күшін жою бойынша шаралар қабылдайды.
33-6. Нормалары жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін заңға тәуелді актілерге өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуді немесе олардың күшін жоюды көздейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдау бойынша бұл актілер қабылданғаннан кейін бір апта мерзімде қабылдаған шаралар туралы ақпарат аппараттың заң бөлімімен әділет органдарына ұсынылады.
33-7. Аудан әкiмi аппараты басшысының бұйрығымен ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей, тиісті атқарушы органдар аппараттың тиісті бөлімімен бірлесіп, нормативтік құқықтық актілер тіркеліміне енгізілген, оларға қатысты құқықтық мониторинг жүргізілетін нормативтік құқықтық актілерді (өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы актілерді есептемегенде) әр айға бөліп және олардың тізбесін көрсете отырып, алдағы күнтізбелік жылға арналған нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу кестесі бекітіледі.
33-8. Атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы №964 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасына (әрі қарай – Қағида) 2-қосымшаға сәйкес Нормативтік құқықтық актілер тіркелімін жүргізуді қамтамасыз етеді.
33-9. Жарты жылдықтың соңғы айының бірінші күніне дейін (1 маусымға және 1 желтоқсанға дейін) атқарушы органдар аппараттың заң бөлімімен жүргізілген мониторинг туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
33-10. Аппараттың заң бөлімі алынған ақпарат пен ұсыныстарды талдайды және атқарушы органдармен бірлесіп, олардың түскен сәтінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шаралар қабылдайды.
33-11. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету үшін аппараттың заң бөлімі тоқсан сайын әділет органдарына өткен тоқсан бойынша әкімдік қаулылары мен әкімнің шешімдерінің тізбесін ұсынады.
33-12. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша аппараттың заң бөлімі Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нормативтік құқықтық актілердің нысандары бойынша жеке-жеке жылына екі рет, жартыжылдықтың соңғы айының 30-күніне дейін тіркелімге сәйкес өздеріне қатысты мониторинг жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қоса бере отырып, оларды қабылдаудың хронологиялық тәртібімен талдау анықтамаларын, сондай-ақ осы Қағиданың 11-тармағында көзделген материалдарды пайдалану туралы ақпаратты және кестенің көшірмесін одан әрі Қазақстан Республикасының әділет органдарына ұсыну үшін аумақтық әділет органдарына тапсырады.».

2 2. «Төлеби ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Төлеби ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2 2) осы қаулыны Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Бекмұрзаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы