О внесений изменений в постановление акимата Аксуского района от 11 августа 2015 года № 305 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Аксуский районный отдел образования"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесений изменений в постановление акимата Аксуского района от 11 августа 2015 года № 305 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Аксуский районный отдел образования"
- Атауы (қаз.)
- Ақсу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы "Ақсу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 18.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 22.06.2016 99215_275523.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16DD003735
- ЭКБ идентификаторы
- 99215
- Редакция идентификаторы
- 99215_275523
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:06
0 Ақсу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы
11 тамыздағы «Ақсу ауданының білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы» № 305
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 8) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ақсу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 16 қыркүйегінде № 3426 тіркелген, «Ақсу өңірі» газетінде 2015 жылдың 25 желтоқсанында № 52 (9788) жарияланған) № 305 қаулысымен бекітілген «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне (бұдан әрі - Ереже) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген Ереженің 25-тармағының Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесіндегі 11), 15), 19), 20), 25), 28) тармақшалары жаңа редакцияда баяндалсын:
«11) Ақсу ауданы білім бөлімі «Бижарас Садырбайұлы атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;»;
«15) Ақсу ауданы білім бөлімі «Ш. Уалиханов атындағы негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;»;
«19) Ақсу ауданының білім бөлімі «Нұрсұлтан Есеболатов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» ГЭС, Қызылқайын бастауыш мектептерін қосқанда коммуналдық мемлекеттік мекемесі;»;
«20) «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кұдаш Мұқашев атындағы негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;»;
«25) Ақсу ауданының білім бөлімі «Алажиде негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;»;
«28) Ақсу ауданының білім бөлімі «Мұхтар Әуезов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;»;
көрсетілген Ереженің 25-тармағының Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесіндегі 29) тармақшасы алынып тасталсын.
2
2. «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Рамазанов Бегімбек Сейфилмәліковичке осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.