Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 11 декабря 2015 года № 319 «О запрете всех видов рубок леса на участках государственного лесного фонда»

Бұйрық · № 17-1/300 · қабылданған 23.11.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2015-no-319-ekb-116839/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 11 декабря 2015 года № 319 «О запрете всех видов рубок леса на участках государственного лесного фонда» Қолданыста Бұйрық ·№ 17-1/300 ·23.11.2017
23.11.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 11 декабря 2015 года № 319 «О запрете всех видов рубок леса на участках государственного лесного фонда»

Қолданыста Бұйрық ·№ 17-1/300 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 11 декабря 2015 года № 319 «О запрете всех видов рубок леса на участках государственного лесного фонда»
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесудің барлық түріне тыйым салу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 319 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
17-1/300
Қабылданған күні
23.11.2017
Көрсетілген редакция
23.11.2017 116839_265615.kaz
Соңғы өзгеріс
23.11.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016075
ЭКБ идентификаторы
116839
Редакция идентификаторы
116839_265615
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:11

0 Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесудің барлық түріне тыйым салу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 319 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесудің барлық түріне тыйым салу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 319 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 12858 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 қаңтардағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі екпелерде ағаш кесудің барлық түріне (өтiмдi қоқырсуды жинаудан және Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны демаркациялау шебінде соқпақтарды шабудан басқа) осы Бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап 2019 жылғы
1 қаңтарға дейін тыйым салынсын»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасалуын қамтамасыз етсін.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағазға басылған және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы