Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в Приказ и.о. Председателя Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 11 декабря 2015 года № 319 «О запрете всех видов рубок леса на участках государственного лесного фонда»

Бұйрық · № 17-5-6/97 · қабылданған 09.04.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2015-no-319/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в Приказ и.о. Председателя Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 11 декабря 2015 года № 319 «О запрете всех видов рубок леса на участках государственного лесного фонда» Қолданыста Бұйрық ·№ 17-5-6/97 ·09.04.2019
09.04.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в Приказ и.о. Председателя Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 11 декабря 2015 года № 319 «О запрете всех видов рубок леса на участках государственного лесного фонда»

Қолданыста Бұйрық ·№ 17-5-6/97 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в Приказ и.о. Председателя Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 11 декабря 2015 года № 319 «О запрете всех видов рубок леса на участках государственного лесного фонда»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесудің барлық түріне тыйым салу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 319 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
17-5-6/97
Қабылданған күні
09.04.2019
Көрсетілген редакция
09.04.2019 132014_408156.kaz
Соңғы өзгеріс
09.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018526
ЭКБ идентификаторы
132014
Редакция идентификаторы
132014_408156
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:27

0 «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесудің

барлық түріне тыйым салу туралы» Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 2015 жылғы
11 желтоқсандағы № 319 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Орман кодексiнiң
13-бабының 18-43) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысының 17-тармағының 376) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. ««Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесудің барлық түріне тыйым салу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 319 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12858 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі екпелерде ағаш кесудің барлық түріне (өтiмдi қоқырсуды жинаудан және Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны демаркациялау шебінде соқпақтарды шабудан басқа) осы Бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тыйым салынсын.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы