Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 11 июня 2015 года № 333 «Об утверждении перечня местностей, служба в которых дает военнослужащим право на предоставление к ежегодному основному отпуску дополнительно 10 суток отпуска»

Бұйрық · № 423 · қабылданған 04.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2015-no-333-10-ekb-132379/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 11 июня 2015 года № 333 «Об утверждении перечня местностей, служба в которых дает военнослужащим право на предоставление к ежегодному основному отпуску дополнительно 10 суток отпуска» Қолданыста Бұйрық ·№ 423 ·04.06.2019
04.06.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 11 июня 2015 года № 333 «Об утверждении перечня местностей, служба в которых дает военнослужащим право на предоставление к ежегодному основному отпуску дополнительно 10 суток отпуска»

Қолданыста Бұйрық ·№ 423 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 11 июня 2015 года № 333 «Об утверждении перечня местностей, служба в которых дает военнослужащим право на предоставление к ежегодному основному отпуску дополнительно 10 суток отпуска»
Атауы (қаз.)
«Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
423
Қабылданған күні
04.06.2019
Көрсетілген редакция
04.06.2019 132379_410123.kaz
Соңғы өзгеріс
04.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018816
ЭКБ идентификаторы
132379
Редакция идентификаторы
132379_410123
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:39

0 «Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12062 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесінде*:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Алматы облысында – Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кеген, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Райымбек, Сарқанд, Талғар, Ұйғыр аудандары, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Алматы қаласы Медеу ауданының Алатау кенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары және Шекара қызметінің құрамалары, әскери бөлімдері, бөлімшелері үшін – Ақсу ауданы, Алматы қаласының Бостандық ауданы;»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Шығыс Қазақстан облысында – Абай, Аягөз, Бесқарағай, Жарма, Зайсан, Қатон-Қарағай, Күршім, Тарбағатай, Үржар аудандары, Семей, Курчатов қалалары, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Шемонаиха ауданы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары және Шекара қызметінің құрамалары, әскери бөлімдері, бөлімшелері үшін – Алтай, Бородулиха, Глубоковское, Шемонаиха аудандары, Риддер қаласы;»;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Батыс Қазақстан облысында – Бөкейорда, Жаңақала аудандары, Теректі ауданының Тайпақ ауылдық округі, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары және Шекара қызметінің құрамалары, әскери бөлімдері, бөлімшелері үшін – Бәйтерек, Бөрілі, Жәнібек, Казталов, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандары;»;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қостанай облысында – Арқалық қаласы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Әулиекөл, Жітіқара аудандары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары және Шекара қызметінің құрамалары, әскери бөлімдері, бөлімшелері үшін – Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Меңдіқара, Таранов, Ұзынкөл, Федоров аудандары;»;
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Павлодар облысында – Аққулы, Май аудандары, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары және Шекара қызметінің құрамалары, әскери бөлімдері, бөлімшелері үшін – Железинка, Ертіс, Тереңкөл, Успенка, Шарбақты аудандары;»;
он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Түркістан облысында – Сарыағаш, Созақ аудандары, Түркістан қаласы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары және Шекара қызметінің құрамалары, әскери бөлімдері, бөлімшелері үшін – Қазығұрт, Мақтаарал, Отырар, Төле би, Шардара аудандары.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кадрлық жұмыс және әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
_________________________
2019 жылғы «___» ___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
___________________________
2019 жылғы «___» ___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
__________________________
2019 жылғы «___» ___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
_________________________
2019 жылғы «___» ___________

Қолданыстағы