Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 11 июня 2015 года № 333 «Об утверждении перечня местностей, служба в которых дает военнослужащим право на предоставление к ежегодному основному отпуску дополнительно 10 суток отпуска»

Бұйрық · № 149 · қабылданған 15.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2015-no-333-10-ekb-153540/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 11 июня 2015 года № 333 «Об утверждении перечня местностей, служба в которых дает военнослужащим право на предоставление к ежегодному основному отпуску дополнительно 10 суток отпуска» Қолданыста Бұйрық ·№ 149 ·15.03.2021
15.03.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 11 июня 2015 года № 333 «Об утверждении перечня местностей, служба в которых дает военнослужащим право на предоставление к ежегодному основному отпуску дополнительно 10 суток отпуска»

Қолданыста Бұйрық ·№ 149 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 11 июня 2015 года № 333 «Об утверждении перечня местностей, служба в которых дает военнослужащим право на предоставление к ежегодному основному отпуску дополнительно 10 суток отпуска»
Атауы (қаз.)
«Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
149
Қабылданған күні
15.03.2021
Көрсетілген редакция
15.03.2021 153540_513875.kaz
Соңғы өзгеріс
15.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022351
ЭКБ идентификаторы
153540
Редакция идентификаторы
153540_513875
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:13

0 «Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12062 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

0 Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы 15 наурыздағы
№ 149 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2015 жылғы «11» маусымдағы
№ 333 бұйрығымен
бекітілген
Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесі

1 1. Ақмола облысында – Аршалы, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын, Целиноград аудандарында, Степногорск қаласында, Ерейментау ауданының Сілеті ауылдық округінде, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Атбасар қаласында;

2 2. Ақтөбе облысында – Байғанин, Мұғалжар аудандарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Әйтеке би, Қарғалы, Мәртөк, Қобда, Хромтау, Шалқар аудандарында;

3

3. Алматы облысында – Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кеген, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Райымбек, Сарқанд, Талғар, Ұйғыр аудандарында, Текелі қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Алматы қаласы Медеу ауданының Алатау кентінде, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Ақсу ауданында, Алматы қаласының Бостандық ауданында;

4 4. Атырау облысында – облыстың барлық аумағында;

5

5. Шығыс Қазақстан облысында – Абай, Аягөз, Бесқарағай, Жарма, Зайсан, Қатон-Қарағай, Күршім, Тарбағатай, Үржар аудандарында, Семей, Курчатов қалаларында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Шемонаиха ауданында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Алтай, Бородулиха, Глубоковское, Шемонаиха аудандарында, Риддер қаласында;

6 6. Жамбыл облысында – Байзақ, Қордай, Мойынқұм, Талас, Шу аудандарында, Сарысу ауданының Жаңатас қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Жамбыл, Жуалы, Мерке, Тұрар Рысқұлов атындағы аудандарында;

7 7. Батыс Қазақстан облысында – Бөкейорда, Жаңақала аудандарында, Теректі ауданының Тайпақ ауылдық округінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Бәйтерек, Бөрілі, Жәнібек, Казталов, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарында;

8 8. Қарағанды облысында – Абай, Ақтоғай, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Ұлытау, Шет аудандарында, Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Приозерск қалаларында;

9 9. Қостанай облысында – Арқалық қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Әулиекөл, Жітіқара аудандарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Меңдіқара, Бейімбет Майлин, Ұзынкөл, Федоров аудандарында;

10 10. Қызылорда облысында – облыстың барлық аумағында;

11 11. Маңғыстау облысында – облыстың барлық аумағында;

12 12. Павлодар облысында – Аққулы, Май аудандарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Железинка, Ертіс, Тереңкөл, Успенка, Шарбақты аудандарында;

13 13. Солтүстік Қазақстан облысында – Айыртау ауданында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Есіл ауданында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Ақжар, Жамбыл, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев атындағы, Мамлют, Уәлиханов аудандарында;

14 14. Түркістан облысында – Сарыағаш, Созақ аудандарында, Түркістан қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Қазығұрт, Мақтаарал, Отырар, Төле би, Шардара аудандарында.

Ескертпе:
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында және Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін жыл сайынғы демалыс ұзақтығы «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып есептеледі.

Қолданыстағы