Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 11 июня 2015 года № 333 «Об утверждении перечня местностей, служба в которых дает военнослужащим право на предоставление к ежегодному основному отпуску дополнительно 10 суток отпуска»

Бұйрық · № 967 · қабылданған 27.10.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2015-no-333-10-ekb-173233/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 11 июня 2015 года № 333 «Об утверждении перечня местностей, служба в которых дает военнослужащим право на предоставление к ежегодному основному отпуску дополнительно 10 суток отпуска» Қолданыста Бұйрық ·№ 967 ·27.10.2022
27.10.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 11 июня 2015 года № 333 «Об утверждении перечня местностей, служба в которых дает военнослужащим право на предоставление к ежегодному основному отпуску дополнительно 10 суток отпуска»

Қолданыста Бұйрық ·№ 967 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 11 июня 2015 года № 333 «Об утверждении перечня местностей, служба в которых дает военнослужащим право на предоставление к ежегодному основному отпуску дополнительно 10 суток отпуска»
Атауы (қаз.)
«Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
967
Қабылданған күні
27.10.2022
Көрсетілген редакция
27.10.2022 173233_599031.kaz
Соңғы өзгеріс
27.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030329
ЭКБ идентификаторы
173233
Редакция идентификаторы
173233_599031
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:17

0 «Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12062 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Абай облысында – Абай, Аягөз, Бесқарағай, Жарма, Үржар аудандарында, Семей, Курчатов қалаларында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Бородулиха ауданында.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Ақмола облысында – Аршалы, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын, Целиноград аудандарында, Степногорск қаласында, Ерейментау ауданының Сілеті ауылдық округінде, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Атбасар қаласында.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Алматы облысында – Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кеген, Райымбек, Талғар, Ұйғыр аудандарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Алматы қаласы Медеу ауданының Алатау кентінде, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Алматы қаласының Бостандық ауданында.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Шығыс Қазақстан облысында – Зайсан, Қатон-Қарағай, Күршім, Тарбағатай аудандарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Шемонаиха ауданында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Алтай, Глубоковское, Шемонаиха аудандарында, Риддер қаласында.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Жетісу облысында – Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Ақсу ауданында.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қарағанды облысында – Абай, Ақтоғай, Қарқаралы, Нұра, Шет аудандарында, Балқаш, Приозерск қалаларында.»;
мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
«15. Ұлытау облысында – Жаңаарқа, Ұлытау аудандарында, Жезқазған, Қаражал қалаларында.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі

Қолданыстағы