Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 11 июня 2015 года № 333 «Об утверждении перечня местностей, служба в которых дает военнослужащим право на предоставление к ежегодному основному отпуску дополнительно 10 суток отпуска»

Бұйрық · № 374 · қабылданған 16.04.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2015-no-333-10/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 11 июня 2015 года № 333 «Об утверждении перечня местностей, служба в которых дает военнослужащим право на предоставление к ежегодному основному отпуску дополнительно 10 суток отпуска» Қолданыста Бұйрық ·№ 374 ·16.04.2024
16.04.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 11 июня 2015 года № 333 «Об утверждении перечня местностей, служба в которых дает военнослужащим право на предоставление к ежегодному основному отпуску дополнительно 10 суток отпуска»

Қолданыста Бұйрық ·№ 374 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 11 июня 2015 года № 333 «Об утверждении перечня местностей, служба в которых дает военнослужащим право на предоставление к ежегодному основному отпуску дополнительно 10 суток отпуска»
Атауы (қаз.)
«Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
374
Қабылданған күні
16.04.2024
Көрсетілген редакция
16.04.2024 195768_696689.kaz
Соңғы өзгеріс
16.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034269
ЭКБ идентификаторы
195768
Редакция идентификаторы
195768_696689
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:59

0 «Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12062 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Абай облысында – Абай, Аягөз, Бесқарағай, Жарма, Жаңасемей, Мақаншы, Үржар аудандарында, Семей, Курчатов қалаларында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Бородулиха ауданында.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Алматы облысында – Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кеген, Райымбек, Талғар, Ұйғыр аудандарында, Алатау қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Алматы қаласы Медеу ауданының Алатау кентінде, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Алматы қаласының Бостандық ауданында.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Шығыс Қазақстан облысында – Зайсан, Қатон-Қарағай, Күршім, Марқакөл, Үлкен Нарын, Тарбағатай аудандарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Шемонаиха ауданында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Алтай, Глубоковское, Шемонаиха аудандарында, Риддер қаласында.»;
Ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе:
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында және Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін жыл сайынғы демалыс ұзақтығы «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып есептеледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
_________________________
_________________________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
___________________________
___________________________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
_________________________
_________________________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
__________________________
__________________________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
_________________________
_________________________

Қолданыстағы