О внесении изменений и дополнения в решение областного маслихата от 11 декабря 2015 года № 349 «Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений, Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Актюбинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение областного маслихата от 11 декабря 2015 года № 349 «Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений, Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Актюбинской области»
- Атауы (қаз.)
- Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 495
- Қабылданған күні
- 11.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2019 137155_432271.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19C0006558
- ЭКБ идентификаторы
- 137155
- Редакция идентификаторы
- 137155_432271
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:23
0 Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 386-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің 19-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына және 2-2-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №235 «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы», Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4686 тіркелген, 2016 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларында:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ағаштарды кесу – «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы Заң) 2 - қосымшаның 159 - тармағына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын ағаштарды кесу бойынша жұмыс;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:
«28) ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу – уәкілетті орган белгілеген учаскелерде жүзеге асырылатын, ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу бойынша жұмыс.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Құрылыс салуға немесе басқа да жұмыстар жүргізуге бөлінетін учаскелерде жасыл екпелерді сақтау мүмкін болмаған жағдайда, ағаштарды кесу Рұқсаттар туралы Заңға сәйкес уәкілетті органның келісімі бойынша жүргізіледі.»;
2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-параграф. Ағаштарды кесу, санитариялық кесу»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Ағаштарды кесу мынадай:
1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету;
2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникацияларына қызмет көрсету;
3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою;
4) бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттігі;
5) адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіретін ағаштарды санитариялық кесу;
6) ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өскен жағдайларында жүзеге асырылады.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Жалпыға ортақ жерлердегі ағаштарды кесуді уәкілетті органның рұқсатымен осы жер учаскесінде қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Ағаштарды кесу кесілген ағаштардың орнына жеке және заңды тұлғалардан өтемдік отырғызу туралы кепілхат ұсынылған жағдайда уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте, жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдарына сәйкес қайта отырғызуға жататын ағаштар уәкілетті орган ағаштарды кесуге рұқсат беру құжаттарында көрсеткен учаскілерге кайта отырғызылады.».