Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение областного маслихата от 11 декабря 2015 года № 349 «Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Актюбинской области»

Ереже · № 80 · қабылданған 13.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2015-no-349-ekb-190604/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение областного маслихата от 11 декабря 2015 года № 349 «Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Актюбинской области» Қолданыста Ереже ·№ 80 ·13.12.2023
13.12.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение областного маслихата от 11 декабря 2015 года № 349 «Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Актюбинской области»

Қолданыста Ереже ·№ 80 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение областного маслихата от 11 декабря 2015 года № 349 «Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Актюбинской области»
Атауы (қаз.)
«Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
80
Қабылданған күні
13.12.2023
Көрсетілген редакция
13.12.2023 190604_674118.kaz
Соңғы өзгеріс
13.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23C0008465
ЭКБ идентификаторы
190604
Редакция идентификаторы
190604_674118
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 14:54

0 «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4686 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларында:
3-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қалдықтарды жинау және шығару - қатты тұрмыстық қалдықтар жәшіктерін арнайы автокөліктерге тиеу, қоқыс қораптарының, алаңдарын және оларға баратын жолдарды шашылған қоқыстан тазарту және оларды қоқыс жинау орнынан қайта өңдеу және жою орнына тасымалдау;»;
3-тармақтың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«20) тротуар - жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған жолдың элементі;»;
3-тармақтың 22-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«22-1) мамандандырылған ұйымдар - коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қайта өңдеу, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар жатады;»;
3-тармақтың 29) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«29) жергілікті маңызы бар объектілер - әлеуметтік объектілерді құруға бағытталған мемлекеттік маңызы бар объектілер, оның ішінде: білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандары, бос уақытты өткізу және (немесе) сауықтыру мақсатындағы үйлер мен ғимараттар, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының көпшілігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты басқа да объектілер.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде жеке үй иелігіндегі аумақтарда, жеке қосалқы шаруашылықтар, жергілікті маңызы бар объектілердің иелері, бау-бақша және гараж кооперативтері, пәтер иелері кооперативтері, кондоминиумдарға қатысушылар, басқарушы компаниялар өздерінің нысандарына тиесілі барлық аумақтарда тазалықты сақтайды және тәртіпті қолдайды, абаттандыру элементтерінің (жолдар, тротуарлар, көгалдар, шағын сәулет нысандары, жарықтандыру, су бұрулар) зақымдануына және бұзылуына жол бермейді.»;
8-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) дауыс беруге тікелей қатысқан пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен кезде аулаішілік аумақтарда автокөліктер құралдары үшін қоршау орнатуға, сондай-ақ жолдың жүру бөлігіне жасанды бұдырлық орнатуға жол беріледі;»;
32-2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32-2. Іргелес аумақта құрылыс қалдықтарын және ірі габаритті қоқыстарды (қалдықтарды) контейнерлік алаңдарға жинауға жол берілмейді.
Ірі көлемді қоқыстарды (қалдықтарды) шығару заңды және жеке тұлғалардың өздерімен немесе арнайы бөлінген орындарға шарт негізінде қоқыс шығарушы кәсіпорындармен жүргізіледі.»;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Контейнерлік алаңдарды және контейнерлерді пайдаланатын және оларға қызмет көрсететін мамандандырылған ұйымдар:
1) контейнерлік алаңдарды, контейнерлерді және оған іргелес аумақтарды санитариялық күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
2) оларға уақтылы жөндеу жүргізеді және одан әрі пайдалануға жарамсыз контейнерлерді ауыстырады;
3) қоқыс қабылдайтын камералардың, алаңдардың, сондай-ақ қалдық жинағыштардың тұрақты жуылуын, дезинфекциялануын, жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы дезинсекциялануын, дератизациялануын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.»;
42-1 тармақ алып тасталсын;
51-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«51-1. Жарнамаларды, хабарландыруларды және ақпараттық хабарламаларды ғимараттарға, дуалдарға, қоғамдық көлік аялдамаларына, жарықтандыру бағаналарына, ағаштарға жапсыруға және ілуге жол берілмейді.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы