О внесении изменений в решение Актауского городского маслихата от 11 декабря 2015 года № 35/335 «Об утверждении тарифов на сбор и вывоз твердых бытовых отходов по городу Актау»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Актауского городского маслихата от 11 декабря 2015 года № 35/335 «Об утверждении тарифов на сбор и вывоз твердых бытовых отходов по городу Актау»
- Атауы (қаз.)
- Ақтау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 35/335 «Ақтау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 29/314
- Қабылданған күні
- 12.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 13.10.2021 138241_542547.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19MA004098
- ЭКБ идентификаторы
- 138241
- Редакция идентификаторы
- 138241_542547
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:22
0 Ақтау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 35/335 «Ақтау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. «Ақтау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтерін бекіту туралы» Ақтау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №35/335 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2921 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ақтау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы»;
1 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
« 1. Ақтау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтері қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ы. Көшербай) жүктелсін.
3.«Ақтау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы − Д. Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Ақтау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер
Ақтау қалалық мәслихатының
2019 жылғы 12 желтоқсандағы
№29/314 шешіміне
қосымша
Ақтау қалалық мәслихатының
2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 35/335 шешіміне
қосымша
Ақтау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға,
әкетуге және көмуге арналған тарифтер
№
Атауы
Есептік бірлік
Құны, теңгемен/ айына ҚҚС есептелмегенде
1.
Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілер
1 м³
1 198
2.
Жеке тұлғалар
1 адам
223,2
Аббревиатуралардың ажыратып жазылуы:
«ҚҚС» - қосылған құн салығы;
«м³» - текше метр.