Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата города Астаны от 11 декабря 2015 года № 367-2307 «Об утверждении норм потребления коммунальных услуг по электроснабжению, теплоснабжению, водоснабжению и водоотведению, газоснабжению по городу Астане для потребителей, не имеющих приборов учета»

Қаулы · № 509-171 · қабылданған 17.01.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2015-no-367-2307/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата города Астаны от 11 декабря 2015 года № 367-2307 «Об утверждении норм потребления коммунальных услуг по электроснабжению, теплоснабжению, водоснабжению и водоотведению, газоснабжению по городу Астане для потребителей, не имеющих приборов учета» Қолданыста Қаулы ·№ 509-171 ·17.01.2025
17.01.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата города Астаны от 11 декабря 2015 года № 367-2307 «Об утверждении норм потребления коммунальных услуг по электроснабжению, теплоснабжению, водоснабжению и водоотведению, газоснабжению по городу Астане для потребителей, не имеющих приборов учета»

Қолданыста Қаулы ·№ 509-171 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата города Астаны от 11 декабря 2015 года № 367-2307 «Об утверждении норм потребления коммунальных услуг по электроснабжению, теплоснабжению, водоснабжению и водоотведению, газоснабжению по городу Астане для потребителей, не имеющих приборов учета»
Атауы (қаз.)
«Астана қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, газбен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 367-2307 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
509-171
Қабылданған күні
17.01.2025
Көрсетілген редакция
17.01.2025 206677_741165.kaz
Соңғы өзгеріс
17.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25ABW5091A
ЭКБ идентификаторы
206677
Редакция идентификаторы
206677_741165
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:21

0 «Астана қаласы бойынша есептеу

аспаптары жоқ тұтынушылар үшін
электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау,
сумен жабдықтау және су бұру,
газбен жабдықтау бойынша
коммуналдық көрсетілетін
қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту
туралы» Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 367-2307 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Астана қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, газбен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 367-2307 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 995 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымшадағы 4-бөлім осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Астана қаласының Энергетика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберуді;

2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 4. Астана қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары

Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 367-2307 қаулысына
қосымша
4. Астана қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен
жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары

1

1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес есептеу аспаптары болмаған жағдайда Астана қаласына арналған сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары төмендегі есеп бойынша бекітіледі:
сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары тұрғын үй орын-жайларында газ плиталары бар және орталық ыстық сумен жабдықталған жағдайда жылу шығыны жылдық нормаларының негізінде есептеледі Q;
бір адамға орташа айлық сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларының есебі – Н, айына адам/кг төмендегі формула бойынша жүргізіледі:
Н=Q/Qнв*12
мұнда:
Q – бір адамға жылу шығынының жылдық нормасы МДж/жыл*адам=3850 МДж/жыл*адам
Qнв – сұйытылған мұнай газын жағудың төменгі массалық жылуы, МДж/кг
12 - жылдағы айлар саны.
Жағудың төменгі массалық жылуының есебі – Qнв
Нормативтер бойынша келіп түсетін газ суық қысқы кезеңде (1 қазаннан бастап 1 мамырға дейін) 80% пропаннан және 20% бутаннан, жылы жазғы кезеңде (1 мамырдан бастап 1 қазанға дейін) газ 40% пропан мен 60% бутаннан құралуы тиіс.
Осыған байланысты Қағидаларға (3.2-кесте) сәйкес суық және жылы кезеңге арналған төменгі массалық жылудың ұлғаюы қабылданады – қысқы кезеңде 46,3 МДж/кг және жазғы кезеңде 46,0 МДж/кг. Есептеу үшін жағудың төменгі массалық жылуының орташа айлық ұлғаюы шығарылады.
Qнв = (46,3*7+46,0*5)/12=46,17 МДж/кг
Н – сұйытылған мұнай газдын орташа айлық тұтыну нормасының есебі
Н=3850 МДж/ жылына*адам / (46,17 МДж/кг*12)
Н=6,95 кг/айына/ адам.

2 2. Қағидаларға сәйкес есептеу аспаптары болмаған жағдайда Астана қаласына арналған тауар газын тұтыну нормалары төмендегі есеп бойынша бекітіледі:

Р/с №
Тауарлық газды тұтыну сипаттамасы
Өлшем бірлігі
Орташа айлық тұтыну мөлшерлемесі
1.
Пәтерде газ плитасы және орталық ыстық сумен жабдықтау болған кезде
бір адамға м³
9,3
2.
Пәтерде газ плитасы және газ су жылытқышы болған кезде (орталық ыстық сумен жабдықтау болмаған кезде)
бір адамға м³
23
3.
Пәтерде газ плитасы болған және орталық ыстық сумен жабдықтау және газды су жылытқышы болмаған кезде
бір адамға м³
13,7
4.
Тұрғын үй-жайларды (жеке тұрғын үйлерді, пәтерлерді, бөлмелерді) жеке (пәтерлі) жылыту
бір м2 -ге м³
9,5
___________________________

Қолданыстағы