О внесении дополнений в решение Костанайского областного маслихата от 11 декабря 2015 года № 475 "Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой области (города, района)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение Костанайского областного маслихата от 11 декабря 2015 года № 475 "Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой области (города, района)
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 475 "Облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 39
- Қабылданған күні
- 27.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2016 104660_Some(99415).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16N0006548
- ЭКБ идентификаторы
- 104660
- Редакция идентификаторы
- 104660_Some(99415)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:36
0 Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 475 «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 475 «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6151 тiркелген, 2016 жылғы 17 ақпанда «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережеде:
11-тармақ мынадай мазмұндағы он сегiзінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақ ұлты өкілдерін наградтау кезінде егер жеке куәлік құжатында тегі, аты, әкесінің аты орыс тілінде көрсетілген жағдайда, қазақ тіліндегі мәтінде қазақ тіліндегі транскрипциясы көрсетіледі.»;
16-тармақ мынадай мазмұндағы он сегiзінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақ ұлты өкілдерін наградтау кезінде егер жеке куәлік құжатында тегі, аты, әкесінің аты орыс тілінде көрсетілген жағдайда, қазақ тіліндегі мәтінде қазақ тіліндегі транскрипциясы көрсетіледі.».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі
___________ А. Мұхамбетов
2016 жылғы «27» 06