О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 11 февраля 2015 года № 74 "Об утверждении Правил осуществления мониторинга за использованием возобновляемых источников энергии"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 11 февраля 2015 года № 74 "Об утверждении Правил осуществления мониторинга за использованием возобновляемых источников энергии"
- Атауы (қаз.)
- "Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 74 бұйрығына өзгеріс енгiзу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 730
- Қабылданған күні
- 18.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 18.12.2015 98523_49833.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012898
- ЭКБ идентификаторы
- 98523
- Редакция идентификаторы
- 98523_49833
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:00
0 «Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 74 бұйрығына өзгеріс енгiзу туралы
2012 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10455 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізу қағидаларында:
көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитетінің төрағасы
Ә. Смайылов ______________
2015 жылғы 18 желтоқсан
10 «20__ жылғы __-тоқсанға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату туралы ақпарат» нысанды толтыру жөніндегі түсінікті
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 11 ақпандағы
№ 74 бұйрығына
қосымша
Жаңартылатын энергия көздерiнің
пайдаланылуына мониторинг
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
20__ жылғы __-тоқсанға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату туралы ақпарат
Нысанның индексі: № 1 нысан.
Ақпаратты ұсыну кезеңділігі: тоқсан сайын.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жаңартылатын энергия көздерiн пайдаланатын энергия
өндіруші ұйымдар.
Нысан кімге ұсынылады: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі.
Нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің
сұрау салуы бойынша.
Есептік кезең: тоқсан.
1. Энергия өндіруші ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________
__________________________________________________________________________________________
2. Энергия өндіруші ұйымның орналасқан жері _________________________________________
3. ЖЭК пайдалану объектісінің атауы _________________________________________________
4. ЖЭК пайдалану объектісінің орналасқан жері _______________________________________
__________________________________________________________________________________________
5. ЖЭК пайдалану объектісінің белгіленген қуаты (кВт) _______________________________
6. Пайдаланатын ЖЭК түрі ___________________________________________________________
7. Жинау нысаны (электронды түрде, қағазда)__________________________________________
№
Көрсеткіштер
Болжам
Нақты
1
2
3
1
Электр энергиясын өндіру, мың кВтс
2
Жылу энергиясын өндіру, Гкал
3
Электр энергиясын босату, мың кВтс
4
Жылу энергиясын босату, Гкал
5
Электр энергиясының орташа босату бағасы, теңге/кВтс ҚҚС-сыз
6
Жылу энергиясының орташа өлшемді босату бағасы, теңге/Гкал ҚҚС-сыз
Ескертпе:
Электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін ЖЭК-тің екі және одан көп түрлерін пайдаланған жағдайда, есеп әр түрі бойынша жеке беріледі.
_________________________________________________________________________________
(Басшы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы, күні, мөрі)
«20__ жылғы __-тоқсанға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату туралы ақпарат» нысанды толтыру жөніндегі түсінікті
1
1. 20__ жылғы __-тоқсанға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату туралы ақпарат нысаны (бұдан әрі – Нысан) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2 2. Нысан жаңартылатын энергия көздерiн (бұдан әрі – ЖЭК) пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен ұсынылады.
3 3. Нысан келесі жолымен толықтырылады:
1-бөлімде ақпарат беретін ұйымның толық атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
2-бөлімде ұйымның заңды мекенжайы (облыс, аудан/қала, елді мекен) көрсетіледі;
3-бөлімде ЖЭК объектісінің толық атауы көрсетіледі;
4-бөлімде ЖЭК объектісінің нақты мекенжайы көрсетіледі;
5-бөлімде ЖЭК объектісінің қуаты көрсетіледі;
6-бөлімде ЖЭК пайдалану объектісінің түрі (күн, жел, гидроэлектр станция, биогаз қондырғы) көрсетіледі;
7-бөлімде энергия өндіруші ұйымдармен ұсынылатын ақпараттың беру түрлері көрсетіледі;
Келесі мәндерге рұқсат етіледі:
электронды түрде (электрондық пошта);
қағаз тасығышта (факс, хат).
Екі мәтіннің бір уақытта болуына рұқсат беріледі;
1 жолдың «Электр энергиясын өндіру, мың кВтс» атты 2 бағанында алдағы есептік мерзімге (тоқсан) ЖЭК объектілерімен электр энергия өндіруінің болжамды мәліметтер көрсетіледі;
1 жолдың «Электр энергиясын өндіру» атты 3 бағанында есептік мерзімінің (тоқсан) ішінде ЖЭК объектілерімен электр энергия өндіруінің нақты мәліметтер көрсетіледі;
2 жолдың «Жылу энергиясын өндіру» атты 2 бағанында алдағы есептік мерзімге (тоқсан) ЖЭК объектілерімен жылу энергия өндіруінің болжамды мәліметтер көрсетіледі;
2 жолдың «Жылу энергиясын өндіру» атты 3 бағанында есептік мерзімінің (тоқсан) ішінде ЖЭК объектілерімен жылу энергия өндіруінің нақты мәліметтер көрсетіледі;
3 жолдың «Электр энергиясын босату» атты 2 бағанында алдағы есептік мерзімге (тоқсан) электр жүйесіне босатуға жоспарланып жатқан электр энергиясының болжамды көлемі көрсетіледі;
3 жолдың «Электр энергиясын босату» атты 3 бағанында есептік мерзімінің (тоқсан) ішінде электр жүйесіне босатылған электр энергиясының нақты көлемі көрсетіледі;
4 жолдың «Жылу энергиясын босату» атты 2 бағанында алдағы есептік мерзімге (тоқсан) бірыңғай жылу жүйесіне босатуға жоспарланып жатқан жылу энергиясының болжамды көлемі көрсетіледі;
4 жолдың «Жылу энергиясын босату» атты 3 бағанында есептік мерзімінің (тоқсан) ішінде бірыңғай жылу жүйесіне босатылған жылу энергиясының нақты көлемі көрсетіледі;
5 жолдың «Электр энергиясының орташа босату бағасы» атты 2 бағанында алдағы есептік мерзімде (тоқсан) электр энергия өндіруші ұйымымен сатуға жоспарланып жатқан электр энергиясының орташа құны көрсетіледі;
5 жолдың «Электр энергиясының орташа босату бағасы» атты 3 бағанында есептік мерзімінің (тоқсан) ішінде электр энергия өндіруші ұйымымен сатылған электр энергиясының орташа құны көрсетіледі;
6 жолдың «Жылу энергиясының орташа өлшемді босату бағасы» атты 2 бағанында алдағы есептік мерзімде (тоқсан) электр энергия өндіруші ұйымымен сатуға жоспарланып жатқан жылу энергиясының орташа құны көрсетіледі;
6 жолдың «Жылу энергиясының орташа өлшемді босату бағасы» атты 3 бағанында есептік мерзімінің (тоқсан) ішінде электр энергия өндіруші ұйымымен сатылған жылу энергиясының орташа құны көрсетіледі;
Жаңартылатын энергия көздерiнің
пайдаланылуына мониторинг
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салуға берілген жер учаскелері, сондай-ақ іске қосылған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері туралы ақпарат
Нысанның индексі: № 2 нысан.
Ақпаратты ұсыну кезеңділігі: тоқсан сайын.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жергілікті атқарушы органдары.
Нысан кімге ұсынылады: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі.
Нысанды ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде.
Есептік кезең: тоқсан.
1 1. 20__ жылғы __- тоқсанда _______________ әкімдігі ЖЭК пайдалану объектілерін салу үшін мынадай жер учаскелерін берді
№
жер учаскесінің кадастрлық нөмірі
жер учаскесінің ауданы, га
жер учаскесінің орналасқан жері, га
берілген құқық түрі және мерзімі
жер учаскесіне құқықты иеленушінің атауы және БСН
жер учаскесінің мақсаты*
1
2
3
4
5
6
7
Ескертпе:
* мақсатының бір түрін көрсету: жобалау-зерттеу жұмыстары үшін, құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін, ЖЭК пайдалану объектісін игеру үшін.
2 «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салуға берілген жер учаскелері, сондай-ақ іске қосылған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері туралы ақпарат» нысанды толтыру жөніндегі түсінікті
2. 20__ жылғы __-тоқсанда _______________ облысы аумағында мынадай ЖЭК пайдалану объектілері іске қосылды:
№
объектінің атауы
объектінің орналасқан орны
объектіні іске қосу мерзімі
объектінің негізгі жобалық сипаттамалары
құрылыс
салушының атауы және БСН
1
2
3
4
5
6
_________________________________________________________________________
(Басшы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы, күні, мөрі)
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салуға берілген жер учаскелері, сондай-ақ іске қосылған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері туралы ақпарат» нысанды толтыру жөніндегі түсінікті
1
1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салуға берілген жер учаскелері, сондай-ақ іске қосылған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері туралы ақпарат нысаны (бұдан әрі – Нысан) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2 2. Нысан жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) (облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктері) ұсынылады.
3 3. Нысан келесі жолымен толықтырылады:
1-бөлімде есептік мерзімінің (тоқсан) ішінде ЖЭК объектілерін салуға берілген жер учаскелері туралы ЖАО-ның ақпараты көрсетіледі;
2 бағанда берілген жер учаскесінің кадастрлық нөмірі көрсетіледі;
3 бағанда берілген жер учаскесінің ауданы көрсетіледі;
4 бағанда берілген жер учаскесінің нақты орналасқан жері (қала, аудан, ауыл (кенті) көрсетіледі;
5 бағанда түрі (жалға алу, уақытша пайдалану құқығы) және жер учаскесі қандай мерзімге берілгені көрсетіледі;
6 бағанда жер учаскесін алған ұйымның атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
7 бағанда берілген жер учаскесінің мақсаты;
4 4. 2-бөлімде есептік мерзімінің (тоқсан) ішінде іске қосылған ЖЭК объектілері бойынша ақпарат көрсетіледі:
2 бағанда есептік мерзімінің (тоқсан) ішінде іске қосылған ЖЭК объектісінің толық атауы көрсетіледі;
3 бағанда есептік мерзімінің (тоқсан) ішінде іске қосылған ЖЭК объектісінің нақты мекенжайы;
4 бағанда ЖЭК объектісінің іске қосылған мерзімі;
5 бағанда ЖЭК объектілерінің негізгі сипаттамалары;
6 бағанда ЖЭК объектісінің құрылысын жасап жатқан ұйымның толық атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.