Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 11 апреля 2016 года № 120 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства»

Қаулы · № 110 · қабылданған 29.05.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2016-no-120/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 11 апреля 2016 года № 120 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства» Күшін жойған Қаулы ·№ 110 ·29.05.2017
19.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 11 апреля 2016 года № 120 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства»

Күшін жойған Қаулы ·№ 110 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 11 апреля 2016 года № 120 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства»
Атауы (қаз.)
«Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 120 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
110
Қабылданған күні
29.05.2017
Қолданысқа енгізілген күні
22.07.2017
Көрсетілген редакция
19.03.2021 113181_515529.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17G0003476
ЭКБ идентификаторы
113181
Редакция идентификаторы
113181_515529
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:59

0 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік

көрсетілетін қызметтер регламенттерін
бекіту туралы» Жамбыл облысы
әкімдігінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі
№ 120 қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» №120 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3053 болып тіркелген, «Ақ жол» газетінде 2016 жылдың 21 мамырында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 20 мамырында жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
« 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: грантты беру туралы шарт не стандарттың 9-1-тармағындағы көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.».
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
« 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Аймақтық үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасы не стандарттың 9-1-тармағындағы көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.».

2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға;

3 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Жанкеге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы