О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 11 апреля 2016 года № 120 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 11 апреля 2016 года № 120 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства»
- Атауы (қаз.)
- «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 120 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 110
- Қабылданған күні
- 29.05.2017
- Қолданысқа енгізілген күні
- 22.07.2017
- Көрсетілген редакция
- 19.03.2021 113181_515529.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17G0003476
- ЭКБ идентификаторы
- 113181
- Редакция идентификаторы
- 113181_515529
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:59
0 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер регламенттерін
бекіту туралы» Жамбыл облысы
әкімдігінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі
№ 120 қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» №120 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3053 болып тіркелген, «Ақ жол» газетінде 2016 жылдың 21 мамырында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 20 мамырында жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
« 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: грантты беру туралы шарт не стандарттың 9-1-тармағындағы көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.».
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
« 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Аймақтық үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасы не стандарттың 9-1-тармағындағы көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.».