О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 11 мая 2016 года № 224 «Об утверждении Положения о Комитете внутреннего государственного аудита Министерства финансов Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 11 мая 2016 года № 224 «Об утверждении Положения о Комитете внутреннего государственного аудита Министерства финансов Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 224 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1445
- Қабылданған күні
- 30.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2019 138298_438912.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G19E0001445
- ЭКБ идентификаторы
- 138298
- Редакция идентификаторы
- 138298_438912
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:48
0 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 224 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 224 бұйрығына («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 21 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті туралы ережеде
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Комитеттің республикалық мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын және тарататын аумақтық органдары бар, оларға: Комитеттің бақылауындағы және оған есеп беретін облыстар және Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалалары бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменттері жатады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Комитеттің заңды мекен-жайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.»;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң аумақтық органдары – мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесiндегі:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетi (Ә.С. Жұмаділдаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;