О внесении изменений в постановление акимата от 11 июля 2016 года № 337 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата от 11 июля 2016 года № 337 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства»
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 337 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 486
- Қабылданған күні
- 31.10.2016
- Көрсетілген редакция
- 11.02.2020 107765_443701.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16N0006713
- ЭКБ идентификаторы
- 107765
- Редакция идентификаторы
- 107765_443701
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:23
0 Әкімдіктің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 337 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекетттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 337 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6578 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 тамызда «Костанайские новости» газетiнде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы- 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын, оның Стандарттың 9-1-тармағына сәйкес келуін тексереді, ӨҮК-ге қарастыруға жолдайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді, 20 (жиырма) жұмыс күні.
Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;»;
7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын, оның Стандарттың 9-1-тармағына сәйкес келуін тексереді, ӨҮК-ге қарастыруға жолдайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді, 20 (жиырма) жұмыс күні.»;
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы- 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
– 180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша - қаржы агенттігінің уәкілетті органының алдын ала кепілдік хаты немесе теріс шешімінің себептері көрсетіле отырып, бас тарту туралы хабарламасы;
– 180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша - Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) отырысының хаттамасынан үзінді көшірме.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.»;
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, оның Стандарттың 9-1-тармағына сәйкес келуін тексереді, ӨҮК-ге қарастыруға жолдайды (180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша), мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді:
1) 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша – қаржы агенттігі екінші деңгейдегі банктен/Даму банкінен (бұдан әрі – Банк) құжаттарды алғаннан кейін 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде.
Ұсынылған құжаттарға қатысты ескертулер және/немесе қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, анықталған ескертулер және/немесе ақпаратты беру туралы сұратуды көрсетілетін қызмет беруші оларды жою үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
2) 180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша - қаржы агенттігі Банктен құжаттарды алған күннен бастап – 4 (төрт) жұмыс күні ішінде;
Егер көрсетілетін қызметті алушы мен қаржы агенттігінің кепілдігімен алынған кредиттер бойынша онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың жиынтық берешегі 180 млн. теңгеден асатын болса, онда бұдан кейінгі жобаларды қарау 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
– 180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша веб-портал қаржы агенттігі Банктен құжаттарды алғаннан кейін – 4 (төрт) жұмыс күні ішінде.
Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, анықталған ескертулерді және/немесе ақпарат беру туралы сұратуды қаржы агенттігі жою және/немесе ақпарат ұсыну үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Банкке жолдайды. Бұл ретте, қаржы агенттігінің құжаттарды қарау мерзімі жаңартылады.
Банк қаржы агенттігіне көрсетілетін қызметті алушыдан «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық өтінім алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, қаржы агенттігі көрсетілетін қызметті алушыға кепілдік беру туралы мәселені қараудан бас тартады.
Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;»;
7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, оның Стандарттың 9-1-тармағына сәйкес келуін тексереді, ӨҮК-ге қарастыруға жолдайды (180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша), мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді:
1) 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша – қаржы агенттігі Банктен құжаттарды алғаннан кейін 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде.
Ұсынылған құжаттарға қатысты ескертулер және/немесе қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, анықталған ескертулер және/немесе ақпаратты беру туралы сұратуды көрсетілетін қызмет беруші оларды жою үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
2) 180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша - қаржы агенттігі Банктен құжаттарды алған күннен бастап – 4 (төрт) жұмыс күні ішінде;
Егер көрсетілетін қызметті алушы мен қаржы агенттігінің кепілдігімен алынған кредиттер бойынша онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың жиынтық берешегі 180 млн. теңгеден асатын болса, онда бұдан кейінгі жобаларды қарау 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
– 180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша веб-портал қаржы агенттігі Банктен құжаттарды алғаннан кейін – 4 (төрт) жұмыс күні ішінде.
Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, анықталған ескертулерді және/немесе ақпарат беру туралы сұратуды қаржы агенттігі жою және/немесе ақпарат ұсыну үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Банкке жолдайды. Бұл ретте, қаржы агенттігінің құжаттарды қарау мерзімі жаңартылады.
Банк қаржы агенттігіне көрсетілетін қызметті алушыдан «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық өтінім алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, қаржы агенттігі көрсетілетін қызметті алушыға кепілдік беру туралы мәселені қараудан бас тартады;»;
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын, оның Стандарттың 9-1-тармағына сәйкес келуін тексереді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді, 47 (қырық жеті) жұмыс күні.
Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;»;
7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын, оның Стандарттың 9-1-тармағына сәйкес келуін тексереді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді, 47 (қырық жеті) жұмыс күні.»;
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасы осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын, оның Стандарттың 9-1-тармағына сәйкес келуін тексереді, ӨҮК-ге қарастыруға жолдайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді, 14 (он төрт) жұмыс күні.
Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;»;
7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын, оның Стандарттың 9-1-тармағына сәйкес келуін тексереді, ӨҮК-ге қарастыруға жолдайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді, 14 (он төрт) жұмыс күні.»;
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасы осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Әкімдіктің
2016 жылғы 31 қазандағы
№ 486 қаулысына
1-қосымша
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті
қолдау мен дамытудың бірыңғай
бағдарламасы шеңберінде кредиттер
бойынша сыйақы мөлшерлемесінің
бір бөлігіне субсидия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет Регламентіне
қосымша
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
5 Әкімдіктің
2016 жылғы 31 қазандағы
№ 486 қаулысына
2-қосымша
«Бизнестің жол картасы-2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің
кредиттері бойынша кепілдіктер
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет Регламентінің 2-қосымшасы
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру» мемлекетік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы
6 Әкімдіктің
2016 жылғы 31 қазандағы
№ 486 қаулысына
3-қосымша
«Бизнестің жол картасы-2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде
мемлекеттік гранттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
Регламентіне қосымша
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру»
мемлекетік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
7 Әкімдіктің
2016 жылғы 31 қазандағы
№ 486 қаулысына
4-қосымша
«Бизнестің жол картасы-2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде
өндірістік (индустриялық)
инфрақұрылымды дамыту бойынша
қолдау көрсету» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет Регламентіне
қосымша
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекетік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы