Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата от 11 июля 2016 года № 337 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства»

Қаулы · № 363 · қабылданған 24.07.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2016-no-337-ekb-114096/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата от 11 июля 2016 года № 337 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства» Күшін жойған Қаулы ·№ 363 ·24.07.2017
11.02.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата от 11 июля 2016 года № 337 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства»

Күшін жойған Қаулы ·№ 363 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата от 11 июля 2016 года № 337 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства»
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 337 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
363
Қабылданған күні
24.07.2017
Көрсетілген редакция
11.02.2020 114096_443717.kaz
Соңғы өзгеріс
11.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17N0007166
ЭКБ идентификаторы
114096
Редакция идентификаторы
114096_443717
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:25

0 Әкімдіктің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 337 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Мемлекетттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 337 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6578 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 тамызда «Костанайские новости» газетiнде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: грантты беру туралы шарт немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11181 болып тіркелген) 9-1-тармағында көрсетілген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтінім мен құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) қабылдауы болып табылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11181 болып тіркелген) 9-1-тармағында көрсетілген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтінімді (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) қабылдауы болып табылады.».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы