Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата от 11 июля 2016 года № 337 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства»

Қаулы · № 487 · қабылданған 03.10.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2016-no-337-ekb-115584/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата от 11 июля 2016 года № 337 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства» Күшін жойған Қаулы ·№ 487 ·03.10.2017
11.02.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата от 11 июля 2016 года № 337 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства»

Күшін жойған Қаулы ·№ 487 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата от 11 июля 2016 года № 337 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства»
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 337 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
487
Қабылданған күні
03.10.2017
Көрсетілген редакция
11.02.2020 115584_443699.kaz
Соңғы өзгеріс
11.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17N0007260
ЭКБ идентификаторы
115584
Редакция идентификаторы
115584_443699
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:44

0 Әкімдіктің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 337 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Мемлекетттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 337 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6578 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 тамызда «Костанайские новости» газетiнде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3 және 4 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) отырысының хаттамасынан үзінді көшірме не Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11181 болып тіркелген) 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтініш-сауалнама мен құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) қабылдауы болып табылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет):
180 миллион теңгеге дейінгі кредиттер бойынша – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қаржы агенттігі, көрсетілетін қызметті беруші);
180 миллион теңгеден астам кредиттер бойынша – облыстың жергілікті атқарушы органы («Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
180 миллион теңгеге дейінгі кредиттер бойынша – қаржы агенттігінің кеңсесі, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал);
180 миллион теңгеден астам кредиттер бойынша – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.»;
3 және 4 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:
180 миллион теңгеге дейінгі кредиттер бойынша – қаржы агенттігінің алдын ала кепілдік хаты не Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11181 болып тіркелген) 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы бар хабарлама;
180 миллион теңгеден астам кредиттер бойынша – Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) отырысының хаттамасынан үзінді көшірме не стандартының 9-1-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көзделген бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) қабылдауы болып табылады.».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы