Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение городского маслихата от 11 марта 2016 года № 38/379 «О повышении базовых ставок земельного налога»

Өзге акт · № 19/212 · қабылданған 20.09.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2016-no-38379/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
О внесении изменения в решение городского маслихата от 11 марта 2016 года № 38/379 «О повышении базовых ставок земельного налога» Күшін жойған Өзге акт ·№ 19/212 ·20.09.2018
04.10.2022 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение городского маслихата от 11 марта 2016 года № 38/379 «О повышении базовых ставок земельного налога»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 19/212 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение городского маслихата от 11 марта 2016 года № 38/379 «О повышении базовых ставок земельного налога»
Атауы (қаз.)
Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 11 наурыздағы № 38/379 «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
19/212
Қабылданған күні
20.09.2018
Көрсетілген редакция
04.10.2022 125890_596595.kaz
Соңғы өзгеріс
04.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18MA003717
ЭКБ идентификаторы
125890
Редакция идентификаторы
125890_596595
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:11

0 Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 11 наурыздағы

№ 38/379 «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін
жоғарылату туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 509 бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 11 наурыздағы №38/379 «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3030 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 сәуірде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 509 бабы 5 тармағында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі он есе жоғарылатылсын.».

2

2. «Ақтау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы – Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ы.Көшербай) жүктелсін.

4 4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қалалық жер қатынастары
бөлімі» мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
______________ Ж.Роман
«18» қазан 2018 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік
кірістер комитеті Маңғыстау
облысы бойынша Мемлекеттік
кірістер департаментінің Ақтау
қаласы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы»
республикалық мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін
атқарушы
______________Б.Омаров
«18» қазан 2018 жыл

Қолданыстағы