Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в решение маслихата от 11 августа 2016 года № 51 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 70 · қабылданған 05.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2016-no-51-ekb-108412/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в решение маслихата от 11 августа 2016 года № 51 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 70 ·05.12.2016
13.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в решение маслихата от 11 августа 2016 года № 51 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 70 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в решение маслихата от 11 августа 2016 года № 51 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2016 жылғы 11 тамыздағы № 51 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
70
Қабылданған күні
05.12.2016
Көрсетілген редакция
13.04.2020 108412_453666.kaz
Соңғы өзгеріс
13.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16NN006754
ЭКБ идентификаторы
108412
Редакция идентификаторы
108412_453666
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:04

0 Мәслихаттың 2016 жылғы 11 тамыздағы № 51 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Мәслихаттың 2016 жылғы 11 тамыздағы № 51 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6610 тіркелген, 2016 жылғы 15 қыркүйекте «Арна» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің 2-тармағының 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«10) халықты жұмыспен қамту орталығы - ауданның жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;»;
7-тармақ 1-1) тармақшасымен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«1-1) бiлiм беру гранттарының иегерлерi, техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi және жоғары бiлiм алуға, сондай-ақ, екiншi техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм алу үшiн мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төлемдердiң өзге де түрлерiн алушылары болып табылатын мүгедектердi қоспағанда Қостанай ауданының аумағында тұратын және Қазақстан Республикасының оқу орындарында техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi және жоғары бiлiм алатын мүгедектерге, оның iшiнде мүгедек балаларға тиiстi бiлiм беру ұйымдарында оқытудың нақты құнының төлемімен 100 пайыз мөлшерiнде, бірақ жылына 200 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 қаңтардағы туындаған қатынастарға таратылады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қостанай ауданы әкімдігінің «Жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ В. Панин
«КЕЛІСІЛДІ»
Қостанай ауданы әкімдігінің «Экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
__________________ З. Кенжегарина

Қолданыстағы