О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 11 марта 2016 года № 55 «Об утверждении классификации видов работ, выполняемых при содержании, текущем, среднем и капитальном ремонтах улиц населенных пунктов Южно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 11 марта 2016 года № 55 «Об утверждении классификации видов работ, выполняемых при содержании, текущем, среднем и капитальном ремонтах улиц населенных пунктов Южно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 55 «Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 171
- Қабылданған күні
- 12.08.2019
- Көрсетілген редакция
- 12.08.2019 135309_424352.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.08.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19U0005164
- ЭКБ идентификаторы
- 135309
- Редакция идентификаторы
- 135309_424352
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:50
0 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 55 «Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 13-бабының 1-1 тармағының 6-8)-тармақшасына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 наурыздағы №55 «Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3711 болып тіркелген, 2016 жылы 27 сәуірдегі «Оңтүстік Қазақстан» газетінде және 2018 жылы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысына мынандай өзгерістер енгізілсін:
қаулының атауындағы, 1 тармағындағы «Оңтүстік Қазақстан» деген сөздер «Түркістан» деген сөзімен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға қосымшасының атауы келесі редакцияда жазылсын:
«Түркістан облысы елді мекендерінің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасы»;
қосымшасындағы:
«Елді мекендерінің көшелері мен ондағы құрылыстарды орташа жөндеу» деген 4-тарауда:»
29 тармақтың:
екінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
«Орташа жөндеу бойынша жұмыстар көлемдерін ақаулықтар тізбесінің негізінде жасалған сметалық есептер анықтайды»;
30 тармақтың:
2) - тармақшасындағы он алтыншы азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
«жолдың техникалық санатын өзгертпей, ұзақтығы 5 километрден аспайтын ұсақтасты және қиыршықтасты жабынды асфальт-бетонды жабынға ауыстыру;».
2 2. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары К.Қ.Айтмұхаметовке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
К.Қ. Айтмұхаметов
М.Н. Отарбаев
Ә.Е. Тұрғымбеков
Е.Ә. Садыр
Ж.Е. Аманбаев
А.Б. Тасыбаев
М.И. Мырзалиев