Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Бескарагайского районного маслихата от 11 октября 2016 года № 6/6-VI «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану»

Өзге акт · № 47/12-VI · қабылданған 24.12.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2016-no-66-vi/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Бескарагайского районного маслихата от 11 октября 2016 года № 6/6-VI «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану» Күшін жойған Өзге акт ·№ 47/12-VI ·24.12.2019
27.10.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Бескарагайского районного маслихата от 11 октября 2016 года № 6/6-VI «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 47/12-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Бескарагайского районного маслихата от 11 октября 2016 года № 6/6-VI «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану»
Атауы (қаз.)
Бесқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 қазандағы № 6/6-VI «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
47/12-VI
Қабылданған күні
24.12.2019
Көрсетілген редакция
27.10.2021 138346_551763.kaz
Соңғы өзгеріс
27.10.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19VG006496
ЭКБ идентификаторы
138346
Редакция идентификаторы
138346_551763
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:10

0 Бесқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 қазандағы

№ 6/6-VI «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Бесқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 қазандағы № 6/6-VI «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4734 нөмірімен тіркелген, «Бесқарағай тынысы» газетінің 2016 жылғы 19 қарашадағы № 95 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары оқу жылы ішінде ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кемтар балаларды оқытуға шығындарды өтеу «Бесқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;»;
әрі қарай мәтін бойынша «өндіру», «өндіріп алу» деген сөздер тиісінше «өтеу» деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы