Құжат мәтініне өту

О ратификации Протокола о внесении изменений в Договор о Таможенном кодексе Евразийского экономического союза от 11 апреля 2017 года

Заң · № 9-VII · қабылданған 15.02.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2017-ekb-152916/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Протокола о внесении изменений в Договор о Таможенном кодексе Евразийского экономического союза от 11 апреля 2017 года Қолданыста Заң ·№ 9-VII ·15.02.2021
15.02.2021 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Протокола о внесении изменений в Договор о Таможенном кодексе Евразийского экономического союза от 11 апреля 2017 года

Қолданыста Заң ·№ 9-VII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Протокола о внесении изменений в Договор о Таможенном кодексе Евразийского экономического союза от 11 апреля 2017 года
Атауы (қаз.)
2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
9-VII
Қабылданған күні
15.02.2021
Көрсетілген редакция
15.02.2021 152916_516440.kaz
Соңғы өзгеріс
15.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2100000009
ЭКБ идентификаторы
152916
Редакция идентификаторы
152916_516440
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:32

0 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтанда жасалған хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Бейресми аударма
2017 жылғы 11 сәуірдегі
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа
өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,
2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарттың 3-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1 Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 321-бабының 2-тармағына мынадай өзгерістер енгізілсін (2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа № 1 қосымша):

1 1) 1) тармақша «мүше мемлекеттер басшыларының» деген сөздерден кейін «, мүше мемлекеттер үкіметтері басшыларының» деген сөздермен толықтырылсын;

2 2) 2) тармақшадағы «үкіметтері басшыларының,» деген сөздер алып тасталсын;

3

3) 5) тармақша «Армения Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының,» деген сөздерден кейін «Армения Республикасы Премьер-Министрі Әкімшілігі Басшысының,» деген сөздермен толықтырылсын, «Армения Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының» деген сөздерден кейін «,Армения Республикасы Премьер-Министрінің Күзет қызметі бастығының» деген сөздермен толықтырылсын;

4 4) 8) тармақшадағы «Қорғаныс» деген сөз «Қауіпсіздік» деген сөзбен ауыстырылсын.

2 Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.

2019 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Осымен, аталған мәтіннің 2019 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында, мыналар:
Армения Республикасы үшін - Армения Республикасының Премьер-министрі Н.В. Пашинян;
Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Президенті A.Г. Лукашенко;
Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев;
Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасының Президенті С.Ш. Жээнбеков;
Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясының Президенті B.В. Путин
қол қойған 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманның толық және тең түпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын растаймын.
Түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.
2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі тең түпнұсқалы мәтініне сәйкес келетінін растаймын.

Қолданыстағы