О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Чернорецкого сельского округа Павлодарского района от 11 октября 2017 года № 1-03-02 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории некоторых населенных пунктов Чернорецкого сельского округа Павлодарского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Чернорецкого сельского округа Павлодарского района от 11 октября 2017 года № 1-03-02 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории некоторых населенных пунктов Чернорецкого сельского округа Павлодарского района»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 11 қазандағы «Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің кейбір елді мекендері аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-03-02 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1-03-04
- Қабылданған күні
- 09.07.2018
- Көрсетілген редакция
- 09.07.2018 123485_338628.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.07.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18PKB06019
- ЭКБ идентификаторы
- 123485
- Редакция идентификаторы
- 123485_338628
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:47
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату
және Павлодар ауданы
Чернорецк ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 11 қазандағы
«Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің кейбір елді мекендері аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу
туралы» № 1-03-02 шешімінің
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Құқықтық актілері туралы» Заңының 46 - бабы 2-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Павлодар ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2018 жылғы 20 ақпандағы № 2-36/79 ұсынысы негізінде Чернорецк ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ірі-қара мал бруцеллезі ауруын жою бойынша ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар кешенін жүргізуге байланысты Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің келесі елді мекендері аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын:
Қаракөл ауылы, «Лидер» қарапайым серіктестігі нысанындағы фермерлік шаруашылығы аумағында, жер учаскесінің кадастрлік нөмірі 14-211-014-084;
Чернорецк ауылы - 1 Май, Тургенев, Ленин, 40 лет Победы көшелері;
Пресное ауылы - Молодежный, Жамбыл, Победа, Сәтпаев көшелері.
2
2. Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 11 қазандағы «Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің кейбір елді мекендері аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-03-02 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5653 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 31 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
ветеринариялық бақылау және қадағалау
комитетінің Павлодар аудандық аумақтық
инспекциясының басшысы
Ж.Ж. Курмангазин _______________
2018 жылғы «9» шілде
«КЕЛІСІЛДІ»
«Павлодар ауданының
ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
А. Тлеуленов _______________
2018 жылғы «9» шілде
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасының денсаулық
сақтау Министрлігінің Қоғамдық
денсаулық сақтау комитетінің Павлодар
облысы Қоғамдық денсаулық
сақтау департаментінің Павлодар аудандық
денсаулық сақтау басқармасы»
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
С. Султангалиев _______________
2018 жылғы «9» шілде