О внесении изменения в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 11 апреля 2017 года № 13/21 «Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 11 апреля 2017 года № 13/21 «Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 13/21 «Солтүстік Қазақстан облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 37/3
- Қабылданған күні
- 04.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2019 135131_423051.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19S0005599
- ЭКБ идентификаторы
- 135131
- Редакция идентификаторы
- 135131_423051
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:17
0 Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 13/21 «Солтүстік Қазақстан облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 13/21 «Солтүстік Қазақстан облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (2017 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4177 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру Қағидаларындағы:
15-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
15
«15. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 233 бұйрығымен бекітілген Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру Қағидаларына сәйкес орналастырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18562 болып тіркелді).».