Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 11 июля 2017 года № 324 «Об утверждении Правил организации учета детей дошкольного и школьного возраста до получения ими среднего образования»

Бұйрық · № 112 · қабылданған 16.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2017-no-324-ekb-153541/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 11 июля 2017 года № 324 «Об утверждении Правил организации учета детей дошкольного и школьного возраста до получения ими среднего образования» Қолданыста Бұйрық ·№ 112 ·16.03.2021
16.03.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 11 июля 2017 года № 324 «Об утверждении Правил организации учета детей дошкольного и школьного возраста до получения ими среднего образования»

Қолданыста Бұйрық ·№ 112 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 11 июля 2017 года № 324 «Об утверждении Правил организации учета детей дошкольного и школьного возраста до получения ими среднего образования»
Атауы (қаз.)
«Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетті атқарушы 2017 жылғы 11 шілдедегі № 324 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
112
Қабылданған күні
16.03.2021
Көрсетілген редакция
16.03.2021 153541_517572.kaz
Соңғы өзгеріс
16.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022352
ЭКБ идентификаторы
153541
Редакция идентификаторы
153541_517572
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:12

0 «Мектепке дейінгі жастағы және

мектеп жасындағы балалар орта
білім алғанға дейін оларды есепке
алуды ұйымдастыру қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің міндетті
атқарушы 2017 жылғы 11 шілдедегі
№ 324 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1.«Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 11 шілдедегі № 324 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15514 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2017 жылғы 5 қыркүйекте № 169 (28548), «Егемен Қазақстан» газетінде 2017 жылғы 5 қыркүйекте № 169 (29150) жарияланған) өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Балаларды есепке алу бойынша мәліметтерді қалыптастыру деректері:
1) мектепке дейінгі жастағы балалар туралы ББАЖ деректері;
2) мектеп жасындағы балалар туралы ББАЖ деректері;
3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алатын балалар туралы ББАЖ деректері;
4) мемлекеттік емес ұйымдарда тәрбиеленіп және білім алып жатқан балалар туралы ББАЖ деректері;
5) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасының 0-18 жастағы балалар туралы мәліметі;
6) Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің «Қандас» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің 0-18 жастағы қандастар балалары туралы мәліметі.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастырады және ББАЖ мәліметтері негізінде:
1) мектепке дейінгі жастағы балалар туралы мәліметтер;
2) оқытуға жатпайтын (денсаулығы бойынша) балалар туралы мәліметті қоса алғанда мектеп жасындағы балалар туралы мәліметтер;
3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алатын балалар туралы мәліметтер;
4) мемлекеттік емес мектепке дейінгі ұйымдарда және орта білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп жатқан және білім алушылар туралы мәліметтер;
5) оқытуға жатпайтын балалар туралы мәліметтер;
6) қандастардың балалар туралы мәліметтер;
7) шетелдік және азаматтығы жоқ (иммигранттар) балалар туралы мәліметтер;
8) оқумен қамтылмаған балалар туралы мәліметтер;
9) жүйелі түрде себепсіз сабаққа қатыспайтын балалар туралы мәліметтері бар облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында тұратын баланың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), туған күні, айы, жылы, тұрғылықты орны көрсетілген 0-ден 18 жасқа дейінгі балалардың бірыңғай мәліметтер базасын қалыптастырады.
Осы Қағидалардың 11-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген мәліметтер облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), (аудан, қала, қаладағы аудан) ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметімен келісіледі және әр айдың 10-на қарай ББАЖ-да орналастырылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсiн.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы