О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 11 августа 2017 года № 442дсп «Об утверждении Правил по организации хранения ракет и боеприпасов на арсеналах, базах и складах Вооруженных Сил Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 11 августа 2017 года № 442дсп «Об утверждении Правил по организации хранения ракет и боеприпасов на арсеналах, базах и складах Вооруженных Сил Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында зымырандарды және оқ-дәрілерді сақтауды ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 11 тамыздағы № 442қбп бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7
- Қабылданған күні
- 05.01.2024
- Көрсетілген редакция
- 05.01.2024 192887_683844.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.01.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24B0000007
- ЭКБ идентификаторы
- 192887
- Редакция идентификаторы
- 192887_683844
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:33
0 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арсеналдарында,
базалары мен қоймаларында зымырандарды және оқ-дәрілерді
сақтауды ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы
11 тамыздағы № 442қбп бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында зымырандарды және оқ-дәрілерді сақтауды ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 11 тамыздағы № 442қбп бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15690 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында зымырандарды және оқ-дәрілерді сақтауды ұйымдастыру жөніндегі қағидаларда:
«Инженерлік оқ-дәрілерді сақтауды ұйымдастыру» деген 5-бөлімалып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Инженерлік әскерлер департаментінің бастығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 7-тармағының талаптарына сәйкес осы бұйрықтың деректемелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;