О внесении изменения в постановление акимата Мугалжарского района от 11 декабря 2017 года № 474 «Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Мугалжарском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Мугалжарского района от 11 декабря 2017 года № 474 «Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Мугалжарском районе»
- Атауы (қаз.)
- Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 474 «Мұғалжар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 178
- Қабылданған күні
- 21.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 21.05.2019 131786_408347.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19CI006179
- ЭКБ идентификаторы
- 131786
- Редакция идентификаторы
- 131786_408347
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:51
0 Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 474 «Мұғалжар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3 бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Мұғалжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 474 «Мұғалжар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5773 тіркелген, 2018 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Мұғалжар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне электрондық түрде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Ғ. Кобландинге жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Мұғалжар ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 21 мамырдағы № 178
қаулысына қосымша
Мұғалжар ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 474 қаулысына қосымша
Мұғалжар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай сыйақының мөлшері
1 1. Көтермелеудің түрлері
1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:
1 1) алғыс жариялау;
2 2) грамотамен марапаттау;
3 3) ақшалай сыйақы беру.
2 2. Көтермелеудің тәртібі
2 2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Мұғалжар ауданы әкімдігімен құрылған қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, қылмыстардың алдын алуға және ашуға ықпал еткен азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.
3 3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртіпті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды комиссияның қарауына Мұғалжар аудандық ПБ* бастығы ұсынады.
4 4. Комиссия қабылдаған шешім - көтермелеу үшін, ал комиссия қабылдаған шешімге сәйкес Ақтөбе облысы ПД* бастығының бұйрығы – көтермелеуге ақы төлеу үшін негіз болып табылады.
5 5. Көтермелеу түрiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушінің қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.
3 3. Ақшалай сыйақының мөлшері
6 6. Ақшалай сыйақының мөлшерi комиссиямен белгiленеді және ол 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.
7 7. Ақшалай сыйақы төлеу облыстық бюджет қаражаты есебiнен Мұғалжар аудандық ПБ* жүргiзіледі.
8 8. Көтермелеуге ақы төлеуге арналған қаражат Ақтөбе облысы ПД* шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделедi.
* ПБ – Полиция бөлімі
* ПД – Полиция департаменті