Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 11 апреля 2017 года № 93 «О государственной поддержке развития животноводства в Актюбинской области на 2017 год»

Қаулы · № 304 · қабылданған 05.09.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2017-no-93-2017-ekb-114840/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 11 апреля 2017 года № 93 «О государственной поддержке развития животноводства в Актюбинской области на 2017 год» Қолданыста Қаулы ·№ 304 ·05.09.2017
05.09.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 11 апреля 2017 года № 93 «О государственной поддержке развития животноводства в Актюбинской области на 2017 год»

Қолданыста Қаулы ·№ 304 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 11 апреля 2017 года № 93 «О государственной поддержке развития животноводства в Актюбинской области на 2017 год»
Атауы (қаз.)
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 93 «2017 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
304
Қабылданған күні
05.09.2017
Көрсетілген редакция
05.09.2017 114840_233892.kaz
Соңғы өзгеріс
05.09.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17C0005660
ЭКБ идентификаторы
114840
Редакция идентификаторы
114840_233892
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:57

0 Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 93 «2017 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14813 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 93 «2017 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5464 тіркелген, 2017 жылғы 27-28 сәуірде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 1-қосымшасына сәйкес асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтардың жеке қосалқы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара малдың және қойдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге, ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарына арналған шығындар құнын 50%-ға дейінгі мөлшерін өтеу, жылқы етінің, бөдене жұмыртқасының, бие сүтінің, түйе сүтінің, ешкі сүтінің, асыл тұқымды ешкі сатып алу, бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері;
2) 2-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге, сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малды жыл бойы қорада күтіп-баққан жағдайда азыққа жұмсалатын шығындарын 100%-ға дейінгі, ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарына арналған шығындар құнын 50%-ға дейін арзандату бойынша тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдері мен талаптары;»;
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 3-қосымшасы осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Е. Абдуллинге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Ақтөбе облысы әкімдігінің

2017 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 304 қаулысына 1-қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2017 жылғы 11 сәуірдегі
№ 93 қаулысына 1-қосымша
Асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтардың жеке қосалқы шаруашылықтардың ірі қара малдың және қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге, ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнының 50 %-ға дейінгі мөлшерін өтеу, жылқы етінің, бөдене жұмыртқасының, бие сүтінің, түйе сүтінің, ешкі сүтінің, асыл тұқымды ешкі сатып алу, бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері

Субсидиялау бағытының
атауы
Өлшем
бірлігі
1 басқа субсидия нормативі,
теңге
1.
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
5 000
2.
Ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату*:
х
х
2.1.
өз төлінен өсіріліп отырған бір шарушылық субьектісінде аналық мал басы 2 000 бастан кем емес, етті бағыттағы шетел селекциясындағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы
бас
46 000
2.2.
қуаттылығы 1000 бастан асатын мүйізді ірі қара мал бордақылау алаңдары
бас
49 000
2.3.
орташа жылдық сауымы 7000 литрден жоғары сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы
бас
132 000
2.4.
орташа жылдық сауымы 4000 литрден жоғары сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы
бас
25 000
3.
Бөдене жұмыртқаларын өндіру құнын арзандату
дана
3
4.
Бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату
килограмм
60
5.
Жылқы етін өндіру құнын арзандату
килограмм
92
6.
Түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату
килограмм
55
7.
Асыл тұқымды ешкі малын сатып алу
бас
40 000
8.
Ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату
килограмм
60
9.
Бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
Бал ара ұясы
20 000
* Ескерту: субсидия бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14813 тіркелген) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігіні және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларымен анықталған бағыттардың басымдықтарына сәйкес жүзеге асырылады.

8 Ақтөбе облысы әкімдігінің

2017 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 304 қаулысына 2-қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2017 жылғы 11 сәуірдегі
№ 93 қаулысына 2-қосымша
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге, сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малды жыл бойы қорада күтіп-баққан жағдайда азыққа жұмсалған шығындарын 100%-ға дейінгі, ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарына арналған шығындар құнын 50%-ға дейін арзандату бойынша тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдері мен талаптары

Субсидиялау бағытының атауы
Өлшемдер және талаптар
1.
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара мал мен қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
1. Зоотехникалық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес келетін және жарақталған қолдан ұрықтандыру пунктерінің болуы;
2. Арнайы дайындық курстардан өткен, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінің тізілімінде тіркелген техник-ұрықтандырушылардың болуы.
2.
Ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындарды өтеу
1. Етті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін:
мүйізді ірі қара аналық мал басының ақпараттық сараптамалық жүйесі және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында тіркеуде болуы.
2. 1000 бастан бастап мал бордақылау алаңдары үшін:
мүйізді ірі қара малдары ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру базасында тіркелінуі (ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру базасынан алынған үзіндімен расталады).
3. Орташа жылдық сүт көлемі 7 000 кг асатын сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін:
өткен жылдың статистикалық жылдық есебі бойынша бір сиырдан сауылған орташа жылдық сүт көлемі 7 000 кг кем болмауы тиіс.
4. Орташа жылдық сүт көлемі 4 000 кг асатын сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін:
өткен жылдың статистикалық жылдық есебі бойынша бір сиырдан сауылған орташа жылдық сүт көлемі 4 000 кг кем болмауы тиіс.

9 Ақтөбе облысы әкімдігінің

2017 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 304 қаулысына 3-қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2017 жылғы 11 сәуірдегі
№ 93 қаулысына 3-қосымша
Ақтөбе облысы бойынша 2017 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бір­лік­ке ар­нал­ған суб­си­ди­я­лар нор­ма­тив­те­рі, тең­ге
Суб­си­дия кө­ле­мі
Суб­си­ди­я­лар со­ма­сы, мың тең­ге
Етті мал шаруашылығы
1.
Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу
1.1.
Тауарлы аналық бас
1)
Базалық нормативі:
бас
10 000
70 080
700 800,0
2)
Қосымша нормативі:
төл беру шығымы 80%-дан бастап
бас
8 000
35 775
286 200,0
төл беру шығымы 60%-дан бастап
бас
6 000
25 792
154 752,0
1.2.
Асыл тұқымды аналық бас
1)
Базалық нормативі:
бас
10 000
13 988
139 880,0
2)
Қосымша нормативі:
2.1
төл беру шығымы 80%-дан бастап
бас
20 000
6 900
138 000,0
2.2
төл беру шығымы70%-дан бастап
бас
15 000
4 898
73 470,0
2.
Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу
бас
150 000
4 666
699 900,0
3.
Бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату
1)
Нақты бордақыланғаны 3000 бастан бастап
бас
45 000
8 726
392 670,0
2)
Нақты бордақыланғаны 2 000 бастан бастап
бас
35 000
1 142,8
40 000,0
3)
Нақты бордақыланғаны 1500 бастан бастап
бас
30 000
1 500
45 000,0
4)
Нақты бордақыланғаны 1000 бастан бастап
бас
25 000
1 200
30 000,0
5)
Нақты бордақыланғаны 100 бастан бастап
бас
20 000
2 000
40 000,0
6)
Ауыл шаруашылығы кооперативтері
бас
20 000
1 000
20 000,0
Барлық сомасы
2 760 672,0
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1.1.
Асыл тұқымды аналық бас
1)
Базалық нормативі:
бас
10 000
3 000
30 000,0
2)
Қосымша нормативі:
төл беру шығымы 70%-дан бастап
бас
20 000
1 500
30 000,0
төл беру шығымы 60%-дан бастап
бас
15 000
558
8 370,0
2.
Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу
1)
Отандық шаруашылықтардың асыл тұқымды ірі қара малы
бас
170 000
200
34 000,0
2)
Импортталған асыл тұқымды ірі қара мал
Еуропа және ТМД елдерінен
бас
150 000
200
30 000,0
3.
Сүт өндірудің құнын арзандату
1)
Жемдік мал басы 400 бастан басталатын шаруашылықтар
килограмм
25
4 374 939
109 373,475
Субсидия нормативін 50% дейін өсіру есебінен**
35
3 825 061
133 877,135
2)
Жемдік мал басы 50 бастан басталатын шаруашылықтар
килограмм
15
1 000 000
15 000,0
3)
Ауыл шаруашылығы кооперативтері
килограмм
10
7 000 000
70  000,0
Барлық сомасы
460 620,610
Мал шаруашылығы
1.
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
5000
7 000
35 000,0
2.
Қоғамдық және тауарлы табындарда етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп бағу
бас
100 000
1 050
105 000,0
Барлық сомасы
140 000,0
Етті бағыттағы құс шаруашылығы
1.
Құс (бройлер) етін өндіру құнын арзандату
1)
1000 тоннадан басталатын нақты өндіріс
килограмм
50
2 200 000
110 000,0
Барлық сомасы
110 000,0
Жұмыртқалы құс шаруашылығы
1.
Тағамдық жұмыртқа құнын арзандату
1)
100 млн.данадан басталатын нақты өндіріс
дана
2,5
85 000 000
212 500,0
2.
Бөдене жұмыртқаларын өндіру құнын арзандату
дана
3
4 000 000
12 000,0
Барлық сомасы
224 500,0
Шошқа шаруашылығы
1.
Шошқа етін өндіру құнын арзандату
1)
Нақты бордақыланғаны 3000 бастан бастап
килограмм
100
5 800 000
580 000,0
Барлық сомасы
580 000,0
Қой шаруашылығы
1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1)
Асыл тұқымды қойлардың аналық басы
бас
2 500
9 100
22 750,0
2)
Тауарлы қойлардың аналық басы
бас
1 500
129 912
194 868,0
2.
Асыл тұқымды қойлар сатып алу
1)
Тұсақтар
бас
8 000
1 200
9 600,0
2)
Тұқымдық қошқарлар
бас
20 000
500
10 000,0
3.
Қозы етін өндіру құнын арзандату
бас
1 500
1 000
1 500,0
4
Қайта өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүн өндіру құнын арзандату
1).
Сапасы 50-ден басталатын жүн
Кило-грамм
100
18 000
1 800,0
Барлық сомасы
240 518,0
Жылқы шаруашылығы
1.
Асыл тұқымды айғырлар сатып алу
бас
100 000
100
10 000,0
2.
Асыл тұқымды аналық бас сатып алу
бас
40 000
120
4 800,0
3.
Бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату
килограмм
60
200 000
12 000,0
4.
Жылқы етін өндіру құнын арзандату
килограмм
92
250 000
23 600,0
Барлық сомасы
49 800,0
Түйе шаруашылығы
1.
Түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату
килограмм
55
10 000
550,0
Барлық сомасы
550,0
Ешкі шаруашылығы
1.
Асыл тұқымды мал сатып алу
бас
40 000
150
6 000,0
2.
Ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату
килограмм
60
15 000
900,0
Барлық сомасы
6 900,0
Бал ара шаруашылығы
1.
Бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
Бал ара ұясы
20 000
350
7 000,0
Барлық сомасы
7 000,0
Азық өндіру
1.
Ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарына жұмсалған шығындар құнын 50%-ға дейін арзандату
бас
*
***
763 460,0
2.
Мал шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін құрама жем зауыттары өткізген құрама жем құнын арзандату
тонна
20 000
3 594
71 864,390
Барлық сомасы
835 324,390
ЖИЫНТЫҚ сомасы
5 415 885,0
Ескерту:* субсидия нормативтері осы қаулының 1-қосымшасындағы 2-і тармақтың 2.1., 2.2., 2.3., 2.4. тармақшаларында көрсетілген.
** Министрлікпен келісу бойынша белгіленген нормативтен жергілікті бюджеттен және/немесе басқа бюджеттік қаражат бөлінгенде субсидиялау нормативін ұлғайту 50%-ға дейін рұқсат етіледі.
*** субсидия көлемі нақты мәлімделген көлемге сүйене отырып анықталады.

Қолданыстағы