О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 11 сентября 2018 года № 1382 «Об утверждении требований к сопровождению правового кадастра и правила доступа к правовому кадастру»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 11 сентября 2018 года № 1382 «Об утверждении требований к сопровождению правового кадастра и правила доступа к правовому кадастру»
- Атауы (қаз.)
- «Құқықтық кадастрды қолдауға қойылатын талаптарды және құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қыркүйектегі № 1382 бұйрығына өзгерту енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 278
- Қабылданған күні
- 08.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 08.04.2021 154545_517477.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022526
- ЭКБ идентификаторы
- 154545
- Редакция идентификаторы
- 154545_517477
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:44
0 «Құқықтық кадастрды қолдауға қойылатын талаптарды және құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы
11 қыркүйектегі № 1382 бұйрығына өзгерту енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Құқықтық кадастрды қолдауға қойылатын талаптарды және құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қыркүйектегі № 1382 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17360 болып тіркелген, 2018 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Бұйрықпен бекітілген құқықтық кадастрды жүргізуге қойылатын талаптарда:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Талаптарда қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) оператор – «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» Мемлекеттік деректер қорын (бұдан әрі – ЖМТ МДҚ) қолдауды және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйым;
2) құқықтық кадастр – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың (құқықтық ауыртпалықтардың) бірыңғай мемлекеттік тізілімі;
3) пайдаланушы – нақты функцияларды орындауға арналған қолданыстағы ЖМТ МДҚ пайдаланатын «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Мемкорпорация) қызметкері;
4) ЖМТ МДҚ әкімшісі – Оператордың қызметкері, ЖМТ МДҚ сүйемелдеуге және пайдаланушыларды қолдауға жауапты;
5) ЖМТ МДҚ өңірлік әкімшісі – ЖМТ МДҚ пайдаланушыларына кеңес берумен қолдау көрсететін Оператордың өңірлік филиалының маманы, ЖМТ МДҚ-ға қожетімділігі жоқ;
6) «Service Desk» автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – SD АЖ) – ЖМТ МДҚ функционалы бойынша сұрау салуларды тіркеуге арналған портал;
7) іркіліс – ЖМТ МДҚ жоспардан тыс уақытша оны пайдалану мүмкіндігінің жоқтығына әкеледі;
8) сұрау салу – пайдаланушының ЖМТ МДҚ қызмет көрсету қажеттілігіне тіркелген өтініші;
9) 1 - желідегі қызметкер – пайдаланушылардан қоңырауларды қабылдайтын, ЖМТ МДҚ жұмысы бойынша кеңес беретін, сонымен қатар SD АЖ сұрау салуларды тіркеу және эслакациялауды жүзеге асыратын Оператордың қызметкерлері;
10) 2 - желідегі қызметкер – ЖМТ МДҚ функционалдық және техникалық қолдауды, сұрау салуларды шешуді, талдауды жүзеге асыратын Оператордың қызметкерлері;
11) 3 - желідегі қызметкер – пайдаланушылардың ескертулері мен ұсыныстарын жинауды, талдауды жүзеге асыратын Оператордың қызметкерлері.
Бекітілген бұйрықпен құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларына:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қағидада қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) қол жеткізу – «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» Мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖМТ МДҚ) есептік жазбаны құру бойынша шаралар, алғашқы парольді беру, бастапқы және негізгі парольді қолдану және ауыстыру;
2) оператор – ЖМТ МДҚ қолдауды және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйым;
3) құқықтық кадастр – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың (құқықтық ауыртпалықтардың) бірыңғай мемлекеттік тізілімі;
4) пайдаланушы – нақты функцияларды орындауға арналған қолданыстағы ЖМТ МДҚ пайдаланатын «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Мемкорпорация) қызметкері;
5) ЖМТ МДҚ әкімшісі – Оператордың қызметкері, ЖМТ МДҚ сүйемелдеуге және пайдаланушыларды қолдауға жауапты;
6) ЖМТ МДҚ өңірлік әкімшісі – ЖМТ МДҚ пайдаланушыларына кеңес берумен қолдау көрсететін Оператордың өңірлік филиалының маманы, ЖМТ МДҚ-ға қожетімділігі жоқ;
7) есептік жазба – пайдаланушы туралы ақпарат: пайдаланушының аты, оның паролі, ЖМТ МДҚ жұмыс жасау кезіндегі ресурстарға қол жеткізу құқықтары;
8) бастапқы пароль – ЖМТ МДҚ әкімшісі есептік жазбаны құру кезінде белгілейтін символдардың қиыстырылуы (әріптер, сандар, арнайы символдар);
9) негізгі пароль – ЖМТ МДҚ пайдаланушысы белгілейтін символдардың қиыстырылуы (әріптер, сандар, арнайы символдар);
10) «Service Desk» автоматтандырылған жүйе (бұдан әрі –SD АЖ) – ЖМТ МДҚ функционалы бойынша сұрау салуларды тіркеуге арналған портал;
11) IP мекенжай – IP хаттамасы бойынша құрастырылған компьютерлік желідегі түйіннің бірегей желілік мекенжайы;
12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.».
2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерді ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі