О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 11 мая 2018 года № 170 «Об утверждении Правил извещения с использованием информационных систем»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 11 мая 2018 года № 170 «Об утверждении Правил извещения с использованием информационных систем»
- Атауы (қаз.)
- «Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 170 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 117
- Қабылданған күні
- 24.03.2023
- Көрсетілген редакция
- 24.03.2023 179240_623186.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032127
- ЭКБ идентификаторы
- 179240
- Редакция идентификаторы
- 179240_623186
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:09
0 «Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 170 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 170 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17012 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 68-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушыларын (бұдан әрі – қатысушылар) «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» (бұдан әрі – ББМЖ) интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып хабарлау тәртібін айқындайды»;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Құзыретті орган ББМЖ-ны пайдалана отырып қатысушыларға хабарламаларды жібереді.»;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Электрондық құжат нысанындағы хабарламалар ББМЖ-да тіркелу рәсімінен өткен қатысушыларға жолданады.»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Қатысушылар ББМЖ-ға тіркелу арқылы хабарламаларды алуға келісім білдіреді».
2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасын
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі