Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 мая 2018 года № 256 «Об утверждении Правил возмещения расходов на служебные командировки за счет бюджетных средств, в том числе в иностранные государства»

Қаулы · № 140 · қабылданған 26.03.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2018-no-256-ekb-129817/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 мая 2018 года № 256 «Об утверждении Правил возмещения расходов на служебные командировки за счет бюджетных средств, в том числе в иностранные государства» Қолданыста Қаулы ·№ 140 ·26.03.2019
26.03.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 мая 2018 года № 256 «Об утверждении Правил возмещения расходов на служебные командировки за счет бюджетных средств, в том числе в иностранные государства»

Қолданыста Қаулы ·№ 140 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 мая 2018 года № 256 «Об утверждении Правил возмещения расходов на служебные командировки за счет бюджетных средств, в том числе в иностранные государства»
Атауы (қаз.)
«Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
140
Қабылданған күні
26.03.2019
Көрсетілген редакция
26.03.2019 129817_394976.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1900000140
ЭКБ идентификаторы
129817
Редакция идентификаторы
129817_394976
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:42

0 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 23-24, 137-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы қағидаларында:
3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тұрғын үй-жайды жалдау бойынша:
мемлекеттiк мекемелердiң басшылары мен басшыларының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен Жоғарғы Сотының судьялары үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөнiндегi шығыстарды өтеу нормасы Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында – тәулiгiне айлық есептiк көрсеткiштің он еселенген мөлшерiнен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда – айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен және аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен аспауға тиiс;
мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу нормасы Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында – тәулігіне айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда – айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен, аудан орталықтарында, аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде – айлық есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен және ауылдық округтерде айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;
3) іссапарда болатын жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру бойынша (іссапарға жіберілген адамға әкімшілік тиісті қозғалыс құралын ұсынатын жағдайлардан басқа) көрсетілген жол жүру құжаттарының (жол жүру билеті мен отырғызу талонының, автобуспен жол жүрген кезде тек жол жүру билетінің) негізінде темiржолмен жүрген кезде – купе вагонының (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орындық купе (ҰВ) вагондарды қоспағанда) тарифі бойынша; су жолдарымен, тас және топырақ жолдармен – сол жергiлiктi жерде қолданылып жүрген жол жүру құны бойынша; ерекше жағдайларда (Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарға жіберілген жағдайда, транзитпен жүріп өткен кезде, аталған көлік құралдары болмаған немесе іссапар шұғыл болған кезде) орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды адамның), ал мұндайлар болмаған жағдайда – мемлекеттiк мекеме басшысының бұйрығына (өкiміне) сәйкес темiржол көлiгiмен жол жүрген кезде жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орындық купе (ҰВ) тарифтері бойынша және әуе көлiгiмен экономикалық класс тарифі бойынша; мемлекеттік органның басшысына, мемлекеттік орган басшысының бірінші орынбасары мен орынбасарларына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға теңестірілген тұлғаларға, орталық атқарушы органның жауапты хатшысына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адамға), ал мұндайлар болмаған жағдайда – мемлекеттiк мекеме басшысына әуе көлiгiмен жол жүрген кезде экономикалық класс тарифі бойынша; Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысына, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысына, оның бірінші орынбасарына және орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысына, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға теңестірілген тұлғаларға әуе көлігімен жол жүрген кезде «Бизнес» класс тарифі бойынша;».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы