Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 11 мая 2018 года № 315 «Об утверждении Правил проведения аукциона по участкам недр для проведения операций по разведке или добыче твердых полезных ископаемых»

Бұйрық · № 465 · қабылданған 01.07.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2018-no-315-ekb-132942/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 11 мая 2018 года № 315 «Об утверждении Правил проведения аукциона по участкам недр для проведения операций по разведке или добыче твердых полезных ископаемых» Күшін жойған 30.04.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 11 мая 2018 года № 315 «Об утверждении Правил проведения аукциона по участкам недр для проведения операций по разведке или добыче твердых полезных ископаемых»

Күшін жойған Бұйрық № 465 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 11 мая 2018 года № 315 «Об утверждении Правил проведения аукциона по участкам недр для проведения операций по разведке или добыче твердых полезных ископаемых»
Атауы (қаз.)
«Пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операциялар жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукцион жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 315 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
465
Қабылданған күні
01.07.2019
Көрсетілген редакция
30.04.2026 132942_823693.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018963
ЭКБ идентификаторы
132942
Редакция идентификаторы
132942_823693
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:17
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операциялар жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукцион жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 315 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операциялар жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукцион жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 315 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16995 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операциялар жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукцион жүргізу қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Аукцион өткізу туралы хабарламада:
1) аукцион өткізу күні, уақыты және орны;
2) аукционға қатысуға арналған өтініштерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты;
3) жер қойнауы учаскелері туралы ақпарат;
лоттың нөмірі, егер аукционға жер қойнауының бір учаскесінен артық қойылған жағдайда;
барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесі тұратын блоктың (блоктардың) коды (кодтары) саны;
өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесінің координаттары мен жер қойнауы учаскесі аумағының аумақ көлемі;
лицензиялардың түрі;
қол қою бонусының бастапқы мөлшері;
Қағидалардың 4-тармағында көзделген жағдайда жыл сайынғы ең төмен шығыстардың мөлшері;
4) аукционға қатысу үшін жарна мөлшері және оны төлеу үшін банктік деректемелері қамтылады.»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
Бірнеше Лот (жер қойнауы учаскелері) бойынша аукционға қатысуға мүдделі тұлғалар әрбір лотқа жеке өтініш береді.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) көрсетілген өтініште мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
2) егер мұндай тұлға өтініш беруші болып тағайындалса, өтініш берген кезде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат;
3) барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукцион өткізу кезінде өтініш берушіде жер қойнауы туралы Кодекстің 187-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес қаржылық және кәсіптік мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжаттар қоса беріледі. Бұл ретте өтініш берушінің қаржылық мүмкіндіктерін растау үшін ең төменгі шығыстар сомасының есебі аукционға қатысуға өтініш берілетін аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесі тұратын блоктардың санын ескере отырып жүргізіледі.
Өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукцион өткізу кезінде өтініш берушіде жер қойнауы туралы Кодекстің 204-бабының 4, 5 және 6-тармақтарына сәйкес қаржылық, кәсіптік және техникалық мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжаттар қоса беріледі. Бұл ретте өтініш берушінің қаржылық мүмкіндіктерін растау үшін аукционға қатысуға арналған өтініш беруге қатысты аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін ең төменгі шығыстар сомасының есебі жер қойнауы учаскесі аумағының аумақ көлемінен жүргізіледі.
4) өтініш берушінің республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқтығы туралы өтініш берілген күннің алдындағы күнтізбелік он күннен бұрын берілген салық органының анықтамасы.
Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландыруға тиіс.
Өтінішке қоса берілетін, өзге тілде дайындалған құжаттар көшірмелері, қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен қоса ұсынылады, олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Құзыретті орган аукционға қатысуға:
1) егер өтініш немесе оған қоса берілетін құжаттар осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес келмесе;
2) егер барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукционға қатысуға арналған өтінішті қарау кезінде жер қойнауы туралы Кодекстің 190-бабы 1-тармағының 3)-6) және 8) тармақшаларында көзделген негіздемелердің бірі болған кезде;
3) егер өндіру бойынша операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесі бойынша аукционға қатысуға арналған өтінішті қарау кезінде жер қойнауы туралы Кодекстің 207-бабы 1-тармақтың 3)-6) тармақшаларда көзделген негізінің бірі болғанда бас тартады.»;
мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:
«34-1. Құзыретті орган пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион жеңімпазына барлауға арналған лицензияны аукцион нәтижелері жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде береді.
Құзыретті орган үш жұмыс күні ішінде пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион жеңімпазына жер қойнауы туралы Кодекстің 216 және 217-баптарына сәйкес тау-кен жұмыстары жоспарын және жою жоспарын келісу және сараптама жүргізу қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
Хабарлама аукцион нәтижелері жариялаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылуы тиіс.
Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны алу үшін тиісті жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион жеңімпазы пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін құзыретті органға жер қойнауы туралы Кодекстің 205-бабы 3-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген мерзімдерде және тәртіппен тау-кен жұмыстарының жоспарын және жою жоспарын ұсынады.
Бұл ретте мерзімдерді есептеу аукцион қорытындылары жарияланған күннен бастап жүзеге асырылады.
Құзыретті орган пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны аукцион жеңімпазына мемлекеттік сараптамалардың оң қорытындылары ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.»;
қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

Пайдалы қатты қазбаларды барлауға (өндіруге) арналған лицензия беру үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукционға қатысуға өтініш

4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің
2019 жылғы «___» ________
№ _____ бұйрығына қосымша
Пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукцион өткізу қағидаларына қосымша
Нысан
______________________________
______________________________
(мемлекеттік органның атауы)
______________________________
______________________________
______________________________
жеке тұлғалар үшін – өтініш
иесінің тегі, аты және әкесінің
аты
(болған жағдайда),
жеке сәйкестендіру нөмірі,
байланыс деректері;
заңды тұлғалар үшін – өтініш иесінің атауы,
бизнес сәйкестендіру нөмірі,
байланыс деректері.
Пайдалы қатты қазбаларды барлауға (өндіруге) арналған лицензия беру үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукционға қатысуға өтініш
20__жылғы «__»________
Пайдалы қатты қазбаларды барлау (өндіру) бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған аукционға қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын
Өтініш беруші туралы мәлімет
1.
-же­ке тұ­лға­лар үшін – өті­ніш ие­сі­нің те­гі, аты және әке­сі­нің аты (егер ол же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жа­тын­да көр­се­тіл­се), өті­ніш ие­сі­нің тұр­ғы­лық­ты ор­ны, аза­мат­тығы, же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы де­ректер;
- заң­ды тұ­лға­лар үшін – өті­ніш ие­сі­нің то­лық ата­уы, оның ор­на­лас­қан же­рі, заң­ды тұл­ға ре­т­ін­де мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (са­уда ті­зі­лі­мі­нен үзін­ді кө­шір­ме неме­се өті­ніш ие­сі шет мем­ле­кет­тің заң­на­ма­сы бой­ын­ша заң­ды тұл­ға бо­лып та­бы­ла­ты­нын ку­әлан­ды­ра­тын бас­қа да заң­да­сты­ры­л­ған құ­жат), өті­ніш ие­сін ті­ке­лей неме­се жа­на­ма түр­де ба­қы­лай­тын заң­ды және же­ке тұ­лға­лар, мем­ле­кет­тер мен ха­лы­қа­ра­лық ұй­ым­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер;
2.
жер қой­на­уы учас­ке­сін­де өті­нім бе­рі­ле­тін жер қой­на­уы учас­ке­сі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер және лот­тың нө­мі­рі (бар болған жағ­дай­да).
Ұсыныстар тізбесі:
_____________________________________________________
(өтініш иесінің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда),
уәкілетті тұлғаның лауазымы мен қолы; өтінішті өкіл берген
жағдайда өкілеттігін куәландыратын құжат қоса беріледі)
мөр орны (болған жағдайда)