Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата города Шымкент от 11 июля 2018 года № 35 «О создании коммунального государственного учереждения «Управление здравоохранения города Шымкент»

Қаулы · № 3980 · қабылданған 25.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2018-no-35/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата города Шымкент от 11 июля 2018 года № 35 «О создании коммунального государственного учереждения «Управление здравоохранения города Шымкент» Қолданыста 25.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения в постановление акимата города Шымкент от 11 июля 2018 года № 35 «О создании коммунального государственного учереждения «Управление здравоохранения города Шымкент»

Қолданыста Қаулы № 3980 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата города Шымкент от 11 июля 2018 года № 35 «О создании коммунального государственного учереждения «Управление здравоохранения города Шымкент»
Атауы (қаз.)
«Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 35 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3980
Қабылданған күні
25.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
03.09.2026
Көрсетілген редакция
25.08.2026 229644_838254.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26UA03980A
ЭКБ идентификаторы
229644
Редакция идентификаторы
229644_838254
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 19:00
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің

2018 жылғы 11 шілдедегі № 35 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 35 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

8 Шымкент қаласы әкімдігінің

2026 жылғы «25» тамыздағы
№ 3980 қаулысына қосымша
Шымкент қаласы әкімдігінің
2018 жылғы «11» шілде
№ 35 қаулысына қосымша
«Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Шымкент қаласының аумағында денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты іске асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Республика даңғылы, 12А, индекс 160005.

9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

10. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілермен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Басқарманың мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

12. Мақсаттары:

Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтау және нығайту үшін қолжетімді және сапалы медициналық көмекті қоса алғанда, азаматтардың денсаулық сақтау құқығын іске асыруды қамтамасыз ету;
Шымкент қаласының аумағында денсаулық сақтау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
тегін медициналық көмектің кепілдік көлемінің (бұдан әрі - ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) жүйесінде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету;
алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту, халықтың денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру;
қаланың денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіру және тиімді басқаруды қамтамасыз ету;
білікті медицина кадрларын тарту және бекіту үшін жағдайлар жасау, саланың кадрлық әлеуетін дамыту.

13. Өкілеттіктері:

1) құқықтары

мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды белгіленген тәртіппен жергілікті өкілді және атқарушы органдардың қарауына енгізуге;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және жұртшылықтың өкілдерін тарта отырып, денсаулық сақтау мәселелері бойынша кеңестер шақыруға, комиссиялар, кеңестер, жұмыс топтарын құруға;
Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін бақылауды жүзеге асыруға;
өз құзыреті шегінде республикалық және халықаралық ұйымдарда Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі басқарманың мүдделерін білдіруге;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

1) міндеттері:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін нормалары мен талаптарын сақтау сақтауға;
азаматтардың ТМККК және МӘМС алу құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етуге;
Басқарма және ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу жөнінде шаралар қабылдауға;
қаланың денсаулық сақтау жүйесінің қызметі туралы ақпаратқа халықтың қол жеткізуін қамтамасыз ету.

14. Функциялары:

1) денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді;

3) азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етеді;

4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

5) фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;

6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды және сақтауды жүзеге асырады;

7) мүгедектігі жоқ адамдарды медициналық көрсеткіштер бойынша есту протезімен қамтамасыз ету үшін медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырады;

8) медициналық бұйымдарды, санитарлық көлікті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына сатып алуды ұйымдастырады;

9) қаланың денсаулық сақтау саласын кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

10) денсаулық сақтау саласында мониторингті жүзеге асырады;

11) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғалардағы корпоративтік басқару мәселелері бойынша қызметті үйлестіру және оның мониторингін жүзеге асырады;

12) үкіметтік емес ұйымдар үшін, оның ішінде халықтың негізгі топтары үшін, азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;

13) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіби құзыреттілікке аттестаттауға жолдайды;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оны іске асыру мониторингін және азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен деңгейіне қанағаттану деңгейін бағалауды жүргізеді;

15) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес мемлекеттік медициналық ұйымдарды ұстауды және пайдалануды қамтамасыз етеді;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін денсаулық сақтау саласындағы коммуналдық заңды тұлғалар базасында клиникалық базаларды ұсынады;

17) төтенше жағдайлар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

18) денсаулық сақтау саласында кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті ұйымдастырады және үйлестіреді;

19) гигиеналық оқытуды, салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастырады;

20) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы халықты хабардар етеді;

21) жастар ресурстық орталықтарымен бірлесе отырып, репродуктивтік денсаулығын сақтау, отбасын жоспарлау және ойыншылықтың (лудоманияның) қауіптілігі мәселелері бойынша жастармен ақпараттық-түсіндіру және консультациялық жұмысты жүзеге асырады;

22) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;

23) статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып, Шымкент қаласының шегінде денсаулық сақтау саласында ведомстволық статистикалық байқауларды жүзеге асырады;

24) әскери қызмет мүддесінде Қазақстан Республикасының азаматтарын медициналық куәландырудан өткізу үшін құрылатын медициналық комиссиялардың дербес құрамын бекітеді және олардың қызметін ұйымдастырады;

25) уәкілетті органға денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының орындалуы туралы, сондай-ақ денсаулық сақтаудың негізгі сандық және сапалық көрсеткіштері туралы тоқсан сайынғы есепті ұсынады;

26) уәкілетті органға Шымкент қаласының шегінде денсаулық сақтау жүйесінің қызметін жақсарту бойынша, оның ішінде алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту, ана мен баланың денсаулығын қорғау және әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша бағдарламаларды іске асыру бойынша ұсыныстар енгізеді;

27) Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

28) халыққа профилактикалық егулерді ұйымдастырады және жүргізеді;

29) жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесіне енгізілген аурулардан зардап шегетін сотталғандарды медициналық куәландырудан өткізу үшін арнайы медициналық комиссияны құрады;

30) тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

31) бюджет қаражаты есебінен тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекітеді;

32) уәкілетті органның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын қоспағанда, Шымкент қаласының аумағында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғаларда корпоративтік басқару мәселелері бойынша қызметті үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асырады;

33) уәкілетті органның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын қоспағанда, үкіметтік емес ұйымдар үшін, оның ішінде халықтың негізгі топтары үшін, азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;

34) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларын жүзеге асырады;

35) денсаулық сақтауға арналған шығыстар бөлігінде жергілікті бюджетті қалыптастыруға және орындауға қатысады;

36) қаланың денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;

37) уәкілетті органмен келісім бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарын әзірлейді және бекітеді;

38) ведомстволық бағынысты ұйымдарды құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға қатысады, тиісті ұсыныстар енгізеді;

39) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жарғыларын келіседі;

40) заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын, басшыларының орынбасарларын және бас бухгалтерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

41) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асырады, оның ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың даму жоспарларын бекітеді және олардың орындалуын, мүліктің пайдаланылуын және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылайды.

42) заңнамада белгіленген тәртіппен шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңестерін қалыптастыруға қатысады;

43) комплаенс-қызметтердің (комплаенс-офицерлердің) қызметін және мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі шараларды қоса алғанда, ведомстволық бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару жүйелерін енгізуді және олардың жұмыс істеуін бақылауды қамтамасыз етеді;

44) денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы бақылауды жүзеге асыру;

45) денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен, уәкілетті мемлекеттік органмен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;

46) денсаулық сақтау саласындағы өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді құруды және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

47) медициналық ұйымдардың деректерді ақпараттық жүйелерге, оның ішінде ТМККК және МӘМС шеңберінде ақы төлеу мақсаттары үшін енгізуінің толықтығын, дұрыстығын және нақтылығын бақылауды қамтамасыз етеді;

48) Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Президенттің, Үкіметтің, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімінің және әкімдігінің актілерінде көзделген жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

15. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

16. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

17. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

18. Бірінші басшының өкілеттіктері:

1) Басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

2) өз құзыреті шегінде Басқарма және ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады;

3) Басқарма қызметкерлерін, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын, олардың орынбасарлары мен бас бухгалтерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) өзінің орынбасарлары мен Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

5) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдердің жобаларын белгіленген тәртіппен қала әкімінің және әкімдігінің қарауына енгізеді;

6) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;

7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына дербес жауапты болады және ведомстволық бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту жөнінде шаралар қабылдайды;

8) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

9) Басқарма қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын (басшылардың орынбасарларын, бас бухгалтерлерді) көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;

10) сенімхаттар береді;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

18. Бірінші басшы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

19. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

20. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

1) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№1 қалалық клиникалық аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

2) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№2 қалалық аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

3) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№3 қалалық аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

4) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

5) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Психикалық денсаулық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

6) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

7) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Т.О.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

8) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

9) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық қан орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

10) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық балалар клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

11) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық перинаталдық орталық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

12) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық перзентхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

13) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «№1 оңалту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

14) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№2 оңалту орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

15) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «Мейірім» оңалту орталығы» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

16) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық диагностикалық орталық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

17) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

18) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№1 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

19) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№2 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

20) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№3 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

21) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№4 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

22) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№5 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

23) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№6 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

24) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№7 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

25) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№8 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

26) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№9 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

27) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№10 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

28) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№11 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

29) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№12 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

30) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№13 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

31) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

32) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «Мамандандырылған бөбектер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.