Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Сарканского районного маслихата от 11 апреля 2018 года № 36-156 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Сарканского района»

Ереже · № 78-309 · қабылданған 15.04.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2018-no-36-156-ekb-142218/on/2026-09-11/
Басып шығарылды 2026-09-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Сарканского районного маслихата от 11 апреля 2018 года № 36-156 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Сарканского района» Күшін жойған Ереже ·№ 78-309 ·15.04.2020
08.12.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Сарканского районного маслихата от 11 апреля 2018 года № 36-156 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Сарканского района»

Күшін жойған Ереже ·№ 78-309 · 11.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Сарканского районного маслихата от 11 апреля 2018 года № 36-156 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Сарканского района»
Атауы (қаз.)
Сарқан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 36-156 «Cарқан ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
78-309
Қабылданған күні
15.04.2020
Көрсетілген редакция
08.12.2023 142218_705325.kaz
Соңғы өзгеріс
08.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20DQ005490
ЭКБ идентификаторы
142218
Редакция идентификаторы
142218_705325
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:59

0 Сарқан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 36-156

«Cарқан ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы
21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Сарқан аудандық мәслихатының «Сарқан ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 36-156 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4665 тіркелген, 2018 жылдың 03 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Сарқан ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6-тармақтың 1) және 4) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:
«1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні.»;
«4) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні.»;
7-тармақтың 1) және 5) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:
«1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 400 айлық есептік көрсеткіш.»;
«5) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға отбасы табыстарын есепке алмай – 5 айлық есептік көрсеткіш.»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайыздық қатынасынан аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар отбасылар – 5 айлық есептік көрсеткіш.»;
7-тармақтың үшінші абзацтың 3) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«3) осы Қағидалардың 7-тармағының 10) тармақшаcын есептемегенде, облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынас шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.»;
11-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихатының «Депутаттар өкілеттігі, заңдылық, заң тәртібін сақтау, әлеуметтік саясат, жастар және қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы