Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 11 июля 2018 года № 507 «Об утверждении Правил аттестации и переаттестации спасателей»

Бұйрық · № 150 · қабылданған 11.05.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2018-no-507-ekb-167867/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 11 июля 2018 года № 507 «Об утверждении Правил аттестации и переаттестации спасателей» Қолданыста Бұйрық ·№ 150 ·11.05.2022
11.05.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 11 июля 2018 года № 507 «Об утверждении Правил аттестации и переаттестации спасателей»

Қолданыста Бұйрық ·№ 150 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 11 июля 2018 года № 507 «Об утверждении Правил аттестации и переаттестации спасателей»
Атауы (қаз.)
«Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 507 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
150
Қабылданған күні
11.05.2022
Көрсетілген редакция
11.05.2022 167867_575820.kaz
Соңғы өзгеріс
11.05.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028115
ЭКБ идентификаторы
167867
Редакция идентификаторы
167867_575820
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:00

0 «Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 507 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 507 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17233 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы көрсетілген бұйрықпен бекітілген:
5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының азаматтарын мәртебе алу үшін аттестаттау:
1) құтқарушы олар өткеннен кейін өткізіледі:
«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысанындағы медициналық анықтамамен расталған медициналық куәландыру (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық);
«Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын дайындау бойынша бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 235 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10772 болып тіркелген) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын дайындау бағдарламасы бойынша дайындау;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушысы олар өткеннен кейін жүргізіледі:
№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысанындағы медициналық анықтамамен расталған медициналық куәландыру;
«Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушыларын даярлаудың үлгілік бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 305 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23275 болып тіркелген) бекітілген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушыларын даярлау бағдарламалары бойынша даярлау.».

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1 және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы