О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 11 июля 2018 года № 507 «Об утверждении Правил аттестации и переаттестации спасателей»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 11 июля 2018 года № 507 «Об утверждении Правил аттестации и переаттестации спасателей»
- Атауы (қаз.)
- «Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 507 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 76
- Қабылданған күні
- 08.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 08.09.2022 171467_592610.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200029507
- ЭКБ идентификаторы
- 171467
- Редакция идентификаторы
- 171467_592610
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:13
0 «Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 507 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 507 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17233 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мерзімді аттестаттаудың қорытындысы бойынша мынадай сыныптылық беру жүргізіледі:
1) «3-сыныпты құтқарушы маман» құтқарушы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар және дене шынықтыру даярлығы бойынша «жақсы» бағасынан төмен емес шекті нәтижелерге қол жеткізген құтқарушыға беріледі;
2) «2-сыныпты құтқарушы маманы» 3-сыныпты құтқарушы маман ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар және дене шынықтыру даярлығы бойынша «жақсы» бағасынан төмен емес шекті нәтижелерге қол жеткізген құтқарушыға беріледі;
3) «1-сыныпты құтқарушы маманы» 2-сыныпты құтқарушы маман ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар және дене шынықтыру даярлығы бойынша «жақсы» бағасынан төмен емес шекті нәтижелерге қол жеткізген құтқарушыға беріледі;
4) «халықаралық сыныптағы құтқарушы» 1-сыныпты құтқарушы маман ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар, қызметтің барлық кезеңінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде кемінде үш рет халықаралық құтқару жұмыстарына немесе оқу-жаттығуларға қатысқан, дене шынықтыру даярлығы бойынша «жақсы» бағасынан төмен емес шекті нәтижелерге қол жеткізген және B1 (intermediate) және/немесе одан жоғары ағылшын тілі курстарының сертификаты бар құтқарушыға беріледі.
Ескертпе:
Халықаралық құтқару жұмыстары – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды құтқаруға, ТЖ аймағындағы табиғи ортаны қорғауға, ТЖ-ны оқшаулауға және адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін қауіпті әсерлерді басуға немесе ықтимал ең төменгі деңгейге дейін жеткізуге бағытталған іс-әрекеттер;
Халықаралық құтқару оқу-жаттығулары – бұл құтқару бөлімшелерінің өзара іс-қимылы мен әзірлігі деңгейін арттыруға байланысты дайындық іс-шаралары, сондай-ақ авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу процесінде пайдаланылатын тактикалық дағдыларды жетілдіру.
2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.