Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 декабря 2018 года № 820 «О некоторых вопросах обеспечения долгосрочной тенговой ликвидности для решения задачи доступного кредитования»

Қаулы · № 941 · қабылданған 29.12.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2018-no-820-ekb-128749/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 декабря 2018 года № 820 «О некоторых вопросах обеспечения долгосрочной тенговой ликвидности для решения задачи доступного кредитования» Күшін жойған Қаулы ·№ 941 ·29.12.2018
26.04.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 декабря 2018 года № 820 «О некоторых вопросах обеспечения долгосрочной тенговой ликвидности для решения задачи доступного кредитования»

Күшін жойған Қаулы ·№ 941 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 декабря 2018 года № 820 «О некоторых вопросах обеспечения долгосрочной тенговой ликвидности для решения задачи доступного кредитования»
Атауы (қаз.)
«Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
941
Қабылданған күні
29.12.2018
Көрсетілген редакция
26.04.2024 128749_699385.kaz
Соңғы өзгеріс
26.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1800000941
ЭКБ идентификаторы
128749
Редакция идентификаторы
128749_699385
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:31

0 «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді

теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 820 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру тетігінде:
2-тармақтың оныншы абзацы алып тасталсын;
5-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтер жобаларына
10 миллиард теңгеден астам сомаға, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру мен өңдеу бойынша 500 миллион теңгеден астам сомаға кредит берген жағдайда, тиісті салалық орталық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет.»;
7-тармақта:
екінші, үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Өңдеу өнеркәсібіндегі, көрсетілетін қызметтер бойынша және агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеудегі ЖКС жобаларын субсидиялау шарттары:
Субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы
25 тамыздағы № 522 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.
ЕДБ-ның ЖКС-ге беретін кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады. Қаржы агенттігіне қаражат аударуды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған арнайы шотына субсидиялар аудару шартына сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте, алғашқы төлем қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында көзделген қаражат сомасының 50 %-ы мөлшерінде аударылады. Одан кейінгі төлемдер қажеттілігіне қарай қаржы агенттігінің өтінімдері бойынша жүзеге асырылады.»;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ мониторингі Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол
картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы